Атығай Шанин атындағы халықтық драма театры

Театрдың ірге тасы 1935 жылы қаланған.

1960 жылы 27 желтоқсан күні театрға Қазақ ССР мәдениет министрлігі коллегиясының қаулысымен  «Қарқаралы халық театры» атағы берілді.

Қарқаралы халық театрының ірге тасын қалаушы, алғашқы режиссер А.Шаниннің 90 жылдығына орай «Атығай Шанин атын Қарқаралы халық театрына беру туралы» Қарқаралы ауданы әкімінің №363 шешімі қабылданып, 2005 жылдың 14 шілдесінде Қарқаралы аудандық мәслихаты ұсынуымен Қарқаралы халық театрына Атығай Шанин аты берілді.

А.Шанин атындағы бұл ұжым халық алдында үлкен беделге ие болып, «Қыз Жібек», «Қамар сұлу», «Ажар мен ажал», «Қос анар», «Жалғыз ағаш орман емес», «Беу, қыздар-ай», «Той боларда», «Шұға», «Қызыл сұңқарлар», «Жау тылындағы бала» О.Бокеев, «Біз де ғашық болғанбыз» С.Балғабаев, «Досымның үйленуі» Қ.Аманжолов, «Махаббат қызық мол жылдар» А.Нуршайыков, «Мұхиденнің тағдыры» Ж.Артыкбаев , «Қанат талды» Д.Рамазан және тағы басқа да көп туындыларды сахнаға шығарды.

Атығай Шанин атындағы халық театр көптеген аудандық, облыстық байқаулардың жүлдегері.

2019 жылдың 7 маусым күні Қарағанды облысының С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында  Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл толуына орай Қарағанды облысының көркемөнерпаздар театр ұжымдары арасында өткен байқау –конкурсының  қорытындысы бойынша  Қарқаралы қаласының Атығай Шанин атындағы халық  театры бас жүлдені қанжығасына байлады. Барлық жүлдегерлерге облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қаржылай сыйақысы табыс етілді.

Жетекшісі: Арайлым Құттыбайқызы – дарынды, шығармашыл маман.

Құснидтенова  Арайлым  2008 жылы Нұркен Әбдіров атындағы № 10 орта мектепті аяқтаған соң, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжіне,

Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру режиссері мамандығына оқуға түседі. Оны 2011 жылы үздік дипломмен бітіріп, сол жылы «Қарқаралы мәдени-сауық орталығында» еңбек жолын бастайды.  Жастар мен жасөспірімдер әдіскері боп, түрлі мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастырып,  жұмыс атқарды.  Сол белсенділігі мен халық шығармашылығын дамытуға үлес қосқаны үшін Қарқаралы ауданының әкімінің алғыс хатымен және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломымен марапатталды.

2020 жылдан бастап Атығай Шанин атындағы халық театрының режиссері боп тағайындалды

Iс-шаралар

Меню