«Ақтоғай» халық театры

«Ақтоғай» халық театры 1971 жылы «халықтық» атағын алды. 1975 жылы Ақмола қаласында өткен халық театрының бүкіл одақтық байқауында Ә.Әбішевтің «Найзағай» романы бойынша жергілікті авторлар Т.Мұқанов пен Б.Омашевтың жазған «Найзағай» спектаклін қойып, бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды. 1977-1978 жылдары Республикалық байқаудың лауреаты атанса араға бірнеше жыл салып 1985-1987 жылдары бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанды.

Сонымен қатар сол жылы СССР мемлекеттік кіші театрының алтын медалін иемденді. 1998 жылы Қазақстан және Орта Азия театрларының  Көкшетау қаласында өткен «Достық дәнекері» фестивалінде Б.Тәжібаевтың «Сал сері қыз қосан» спектаклін қойып, фестивальдің дипломанты болды. 1995 жылы жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына байланысты  театрда «Бала Жамбыл –ақын», «Жамбылдың Сүйінбайдан бата алуы», «Жамбыл соғыс жылдарында» деген арнаулы сценарийлер мен көріністер дайындап, облыс орталығында өткен мерейтойында дипломмен марапатталды.

2000 жылы облыстық халық театрлары байқауында және сол жылы мәдениетті қолдау жылына байланысты халық театры Баққожа Мұқанның «Заманқыр» трагедиясымен жүлделі 2-орынды иеленді.

2001-2006 жылдары аралығында С.Болғанбаевтың «Ең әдемі келіншек», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», Ә.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы», М.Әуезовтың «Қаракөз», С.Шәймерденовтың «Дөкей келе жатыр», Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу», О.Бөкейдің «Құлыным менің» спектакльдерін сахналады, режиссерлері Н.Күлшікенов, С.Шайбеков.

2010-2016 жылдар А.Шайбековтың «Сарыарқаның Жидебайы» атты спектаклімен облыстық «Әнім де сен, сәнім де сен Астана» байқауына қатысып үздік бағаға ие болды. М.Мақатаевтың «Қош махаббат» қойылымын халыққа ұсынды. 2019 жылы С.Жүнісовтың «Ажар мен ажал» спектаклін сахналады.

Ақтоғай ауданының «Ақтоғай» халық театрының жетекшісі – Жаканбаев Нұрдәулет Мадениятұлы

1985 жылы Ақтоғай ауданында дүниеге келген. «Ақтоғай» халық театрының режиссеры. Білімі орта, Жезқазған қаласының музыка колледжін тәмәмдаған.

2004 жылдан бері мәдениет саласында қызмет атқарып келеді. Әнші, театрда бірнеше рөлдерді сомдаған.

Iс-шаралар

Меню