«Шахтерлер» халықтық хоры

«Шахтерлер» халықтық хоры 1965 жылы құрылды. 1972 жылы 25 тамызда бұл ұжымға  халықтық хор атағы берілді. Ұжымдық репертуарда 50-ден астам әндері бар.

1965 жылы құрылған Шахтерлар хоры, ұжымдық ән салу өнерін өркендетуде жемісті еңбек етіп келеді.

1972 жылы 25 тамызда бұл ұжымға халықтық хор атағы берілді. МҮ, басқа да қалалық мерекелік  іс-шараларының белсенді қатысушысы.

2019 жылғы қалалық хор фестиваліне қатысып, марапатқа ие болды.Облыстық,республикалық,бүкілодақтық, фестивальдердің лауреаты атанған ұжымның репертуары жыл сайын жаңарып,50 жыл бойына ән өнерінің биігін бағындырып келеді.

Қарағанды қаласының дамуына қосқан үлесі үшін «Шабыт» номинациясы бойынша VI қалалық байқаудың лауреаты дипломымен,2014жылғы қалалық мәслихаттың алғыс хатымен және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалімен мараптталған.

Жетекшісі: Кучеренко Василий Петрович 1955 жылы 15 маусымда Ақмола облысы Балқаш ауданында дүниеге келген.

1970 жылы Қарағанды музыка колледжіне оқуға түсіп 1974 жылы үздік дипломмен бітірген. 1974-1976 жыл аралығында КСРО Қарулы Күштері қатарындағы нұсқаушы-музыкант, оркестрдің шебері болған. 1976 жылы Челябинск мемлекеттік мәдениет институтына түсіп, 1980 ж. сырттай бітірді. Қазіргі уақытта хореграфиялық ұжымда жұмыс істейді. «Шахтерлер» хорында 1980 жылдан бастап концертмейстер болып істеді, 2016 жылдан бастап хор жетекшісі болды.

 

Iс-шаралар

Меню