«Балбырауын» халықтық би ансамблі

«Балбырауын» би ансамблі 1980 жылы құрылды. 1988 жылы ансамбль «Халықтық» атағын алды. 1991 жылы Қазақтелерадио арнасының қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейтін «Қыз ұзату, Келін түсіру» фильміне  түсті. 1992 жылы Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт сарайында Қазақстан халықтары  форумына қатысып өнер көрсетті.

1993-1995 жылдары Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр дауысы» және «Ұлытау үні» фестиваліне қатысып құрмет грамотасымен марапатталып, дипломант атанды. 1996 жылы Алматыда өткен Жезқазған облысы мәдени күндеріне қатысты. 1998 жылы Астана қаласының тұсаукесер тойында «Тоқырауын толқыны» халықтық ансамблімен бірігіп үлкен концерттік бағдарлама көрсетті. 1999 жылы Астана қаласында өткен Қарағанды облысының мәдени күндеріне қатысты. 2003 жылы Ресейдің Қорған қаласы күніне  өнер сапарымен барды. 2015 жылы Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығында  өнер көрсетті.

2017-2018 жылдары Ансамблдің 30 жылдық мерейтойына арнап  шығармашылық концерт берді. 2017 жылы Астана қаласында өткен халықаралық ЭКСПО көрмесінде өнер көрсетті.

Ақтоғай ауданының «Балбырауын» халықтық би ансамблінің жетекшісі – Мұратбек Келбет Жанболатқызы

1995 жылы туған.  2017 жылы Қарағанды Болашақ Академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Білімі жоғары.  2005 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Балбырауын» халықтық би ансамблі құрамында өнер көрсетті.

Iс-шаралар

Меню