«Живая память» халықтық ардагерлер хоры

Хор 1987 жылы Балқаштың мәдени қайраткері В.К.Морозовтың бастамасымен құрылды. 1989 жылы ол «Тірі жад» деп аталды. Оның алғашқы жетекшісі Васев Александр Анисимович болды. 1998 жылы Т.В. Корнилованың жетекшілігімен облыстық «Сарыарқа ауендері» халықтық өнер фестивалі «Халықтық» атағын алды.

Репертуарында 150-ден астам соғыс жылдарындағы әндер, кеңестік және Қазақстандық композиторлар, авторлық, халық әндері, романстар бар. Хормен орындалатын әндер көрермендердің жүрегінен орын табуда. Бүгінде хорда 24 ардагер өнерге, өмірге деген құштарлықпен еңбек етіп, ізденіс үстінде.

Арадегерлер арасында бұрынғы дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, түрлі өндірістік мамандықтардың өкілдері бар. Жас шамасына қарамастан, олар өздерінің шығармашылық әлеуетін іс-шараларда айқын көрсете отырып, толық көлемде іске асырады. Ұжым бірнеше рет дипломдармен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Барлық қалалық фестивальдерге, байқауларға, мерекелерге белсене қатысады. Жыл сайын «Ардагерлер ән салады» облыстық фестиваліне қатысады.

Қәзіргі таңда хор жетекшісі Наталья Максимовна Кучапина.

Iс-шаралар

Меню