Халықтық ардагерлер хоры «Самоцветы»

Самоцветы» халықтық ардагерлер хоры  1983 жылы Весовая елді мекенінде «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС «Железнодорожников» клубы қарамағында «Жексенбінің клубы» атымен құрылған. Алғашқы ұйымдастырушысы Хайруллина Вера Александровна. 1984 жылдың 23 ақпанын хордың туылған күні болып саналады. Бұл күні әйелдер алғаш рет концерттік бағдарламада өнер көрсетті.  Аз уақыт ішінде хор жоғары дәрежеде барлық клубта болатын іс-шараларға қатысты.  Сол бастамадан кейін бүгінде халықтық хор атағын алған «Самоцветы» содан бергі 16 жыл ішінде бүкілкеңестік фестивальдерде лауреат атанып, облыстық дәстүрлі түрде өтетін «Голос Байконура» фестивалінің тұрақты қатысушыларына айналды.

2000 жылдардан қазіргі таңға дейін ұжым концерттік бағдарламасымен Қырым, Бурабай, Қарағанды, Ақсу-Аюлы, Топар, Теміртау, Бұқар жырау, т.б. ірілі-ұсақты аудан-қалаларда өз өнерлерін паш етті.

Ұжым қаланың барлық дерлік айтулы шараларына белсене ат салысып өз өнерлерін халықтан еш аяған емес.

Ұжым облыстық «Поют ветераны» байқауына белсене қатысып, марапатталған.

Қазіргі таңда жетекшісі- Малова Павела Валентинович.

1987 жыл – халық шығармашылығының Бүкілодақ фестивалінің лауреаты.

1988-1990жж – Лауреат областного фестиваля « Голос Байконура», лауреат первого фестиваля самодеятельного творчества народов Казахстана.

2000ж – Жезқазған қаласының «Дидар» телеарнасының телемарофонының қатысушысы.

2004г – Қазақстандағы Ресей жылының тойлануына байланысты өткен мерекелік концерттік бағдарламалардың қатысушысы.

2005ж – Украинадағы «Лучезарный» және «Московский» санаторийлерінде шеберлігін көрсетті.

2008ж бастап –  Теміртау, Бұқар жырау ауданында, Қарағанды, Шахтинск, Абай ауданындағы Топар кентінде, Қарқаралы қаласында «Ардагерлер ән салады» атты фестивалдерінің қатысушылары.

2012ж – «Виват Казахстан» екінші аудандық фестивалінің жүлдегері.

2014ж  – Жезқазған қаласының 60 жылдық мерейтойына арналған концерттік бағдарламаның қатысушылары.

Хор көптеген алғыс хаттармен грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталған.

Жетекшісі: Павел Валентинович 1957 жылы 14 сәуірде Қарағанды облысы Жезқазған кентінде дүниеге келген. Весовая кентіндегі №12 орта мектепте білім алған. Баян ойнауға деген қызығушылығы сонеау бала шақтан пайда болған. 12 жасында музыкалықмекктепке барып, 3 музыкалық сыныпты тәмамдаған.

1978 жылы Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін «Баян» сыныбы бойынша аяқтап, балалар өнер мектебінде жұмыс жасады.  1984 жылы Жезқазған педагогикалық институтын  физика және математика мамандығы бойынша бітірген.

Ұстаздықпен қатар Кеншілер сарайында да жұмыс атқарған. Қазіргі кезге дейін Сәтбаев қаласындағы «Ш.Ділдебаев атындағы мәдениет және шығармашылық орталығы» да «Самоцветы» халықтық ардагерлер хорының жетекшісі болып кызмет атқарады.

Iс-шаралар

Меню