Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Сарын» халықтық фольклорлық ансамблі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті студенттер сарайының «Сарын» фольклорлық  ансамбілі, 2000 жылы студенттер арасында қазақ халқының ұлттық аспаптарының дәстүрін насихаттау мақсатында құрылған.

Ансамбльдің негізін құрушысы және алғашқы жетекшісі – тәжрибелі ұстаз, музыкант Марат Мажитов болған. Қазіргі кезде ансамбльдің жетекшілері Күлзира Беспаева және Ғалымбек Сағитов.

«Сарын» фольклорлық ансамбілі студенттерге қазақ халқының ұлт аспаптарының әуені, салт – дәстүрі мен байлығын тануға өте үлкен мүмкіндік береді.

Ансамбль аспаптарының құрамында: шекті (домбыра, шертер, қобыз, қыл қобыз); үрмелі (сыбызғы, саз сырнай, үскірік, керней); ұрмалы (дауылпаз, асатаяқ, үш бұрыш) және шаңқобыз сияқты аспаптар бар.

Ансамбілдің репертуарында халық әндері және кәсіби сазгерлердің Құрманғазы, Дәулеткерей, Сүгір, Д. Нүрпейісова, Н.Тілендиевтің күйлері, Ш.Қалдаяқовтын әндері және т.б. бар. Айтарлықтай ансамбль мүшелері В.А. Моцарт, И.Брамс, Е.Брусиловский, А.Жұбанов сияқты композиторлардың шығармаларын қызығушылықпен орындайды. Сонымен қатар концерттік бағдарламаларда «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне», «Наурыз» мейрамына, «Қазақстанның біріккен ұлттар күніне» және де театрландырылған көріністерге белсене ат салысады.

«Сарын» фольклорлық ансамблі «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалінің лауреаты. ансамбль және оның солисттері (Е.Базарбеков, С.Жүнісов, С.Молбасин) Республикалық студенттер жастарының «Жас толқын» байқауының лауреаттары атанған.

Ансамбль мушесінде болған ҚарМУ түлектері қазіргі кезде әртүрлі салаларда қызымет етуде. Олар: Күзенбаев Данияр – Қазақстан Республикасының білім және ғылым беру министірлігінің маманы. Абласимов Мұрагер – РНd бағдарламасының докторанты, заң факультетінің мұғалімі. Хамзина Гүлнұр – химия ғылымдарының магистірі, мұғалім. Молбасин Сағынған – экономика магистірі, мұғалім. Ерменбетов Жандос – денешынықтыру мұғалімі. Абушахманов Ернар – ұлт аралық авиакомпаниясының маманы. Рақыш Ануар – мұнай – газ маманы.

Ибраев Жанайдар – Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігінің эстрада солисті. Закенов Нұрлыбек – президенттік гвардиясының оркестр солисті. Нұржан Жібек, Муканова Тана, Смаилова Әсем, Қуанышбекова Жазира, Жунатова Айнұр және т.б.

Биыл ансамбль құрамы жаңа бірінші курс студенттерімен толықтырылды. Ансамбль солисттері: А.Сатыбаев, И.Сидоренко – 2010-2011 ж.ж. Ш.Қалдаяқов әндері және патриоттық әндер байқауларының лауреат атағынын иегерлері болды.

2011 ж. 16 ақпанында «Сарыарқа» атты республикалық патриоттық акциясы өткізілді. Акцияға «Сарын» ансамблі қатысты.

2012 ж. «Студенттік көктем» атты аймақтық студенттер фестивалінің лауреаты (Қарағанды,2012).

2018 ж. «Ақжелен» атты Халықаралық шығармашылық фестивалінің лауреаты (Қарағанды,2018).

2019 ж. «Ақжелен» атты Халықаралық шығармашылық фестивалінің лауреаты (Қарағанды,2019).

К.Қ. Беспаеваның және Ғ.А. Сағитовтың жетелеуімен ансамбль жыл сайын «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалінің лауреаты атанды. 2012-2020 ж.ж. ансамбль және оның солисттері  облыстық және республикалық байқауының лауреаттары атанған.

Жыл сайын «Сарын» фольклорлық ансамбілі есеп беру концерттерін өткізіп отырады.

Қорытып айтар болсақ «Сарын» үлгілі, тәжірибелі, көптеген шығармашылық әлеуеті бар ансамбілі болып табылады. Сондықтан да бұл ансамбльге «Халық ансамбілі» деген атағы лайықты деп білемін.

Iс-шаралар

Меню