Халықтық үрмелі оркестір

1983 жылы оркестр ұжымы «Халықтық» деген жоғары атаққа ие болды. Ұжымды құрудың бастауында Л.Моргачев, В. Телегин, В. Толстов өз шеберліктерінің виртуоздары болды. 2016 жылдан бастап жетекші және дирижер Ирина Борзых.

Ұжымның негізгі міндеті – жастарды үрмелі аспаптарда ойнауға үйрету және музыкалық мәдениет дағдыларын қалыптастыру; үрмелі аспаптарды танымал етуге, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, балалар мен жасөспірімдер контингентін зияткерлік дамытуға бағытталған ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыру.

Ирина Борзых үнемі ұжымды жаңа қатысушылармен толықтырады. Кларнет, саксофон, труба сыныптары бойынша әр адаммен жұмыс істейді, репертуар, нота материалдарын таңдайды, оркестр қатысушыларымен топтық және жеке репетициялар өткізеді. Оркестрдің негізгі құрамы – жастар. Ұжымда оқу-шығармашылық процессі дұрыс қойылған, талапшылдық және сонымен бірге басшының әр қатысушыға көп көңіл бөлуі жоғары нәтиже береді.

Соңғы үш жылда ұжымның музыкалық шеберлігі айтарлықтай өсті. Ұжым үнемі Тәттімбет атындағы колледжде оқуын жалғастыратын жаңа қатысушылармен толықтырылып отырады. Оркестрдің жас қатысушылары Данияр Абиев – тромбон; Владислав Конюченко – баритон; Камила Хасенова – саксофон.

Оркестр мемлекеттік, ұлттық мерекелерге қатысады. Үрмелі оркестр «Наурыз мейрамы», Жеңіс күні, Кеншілер күні мерекелеріне арнайы бағдармалама дайындайды. Оркестр негізінде тұрғылықты жері бойынша алаңдарда өнер көрсететін эстрадалық – джаз тобы құрылды. Репертуары – бай  әрі сан алуан – классика, пьесалар, қазақ композиторларының шығармалары, марш, вальс, попурри, заманауи туындылар.

Оркестр ұжымы үрмелі аспаптармен, күшейткіш аппаратурамен, костюмдермен жабдықталған.

Жетекшісі: Ирина Николаевна Борзых

 1996 жылы дарынды балаларға арналған Мамандандырылған облыстық музыка мектеп-интернатына түсіп, 2007 жылы үрмелі және соқпалы аспаптар бөлімін гобая сыныбы бойынша аяқтады.

2007-2009 жылдары Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжін аяқтады. Мамандығы – бухгалтер экономист.

2012-2017 жылдар аралығында Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық өнер колледжіне түсіп, саксофон мамандығы бойынша аяқтады. Келесі біліктіліктерді иеленді: оркестр орындаушысы, көркемөнер үрмелі оркестрінің және ансамблінің дирижер-жетекшісі, БӨМ ұстазы. 2014-2016 ж.ж. Тәттімбет атындағы өнер колледжінде оқып жүрген кезде, Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжін «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі» мамандығы бойынша сырттай бөлімін қатар аяқтады.

2012 жылдан 2016 жылға дейін Саран қаласы Мәдениет үйінің Халықтық үрмелі оркестрінің қатысушысы болды.

2016 жылдан бастап Саран қаласының Мәдениет үйінде Халықтық үрмелі оркестрдің дирижер – жетекшісі  болып қызмет атқаруда.  Ирина Борзых ұжымды жаңа қатысушылармен толықтыруда. Әрбір қатысушымен кларнет, саксофон, керней сыныбы бойынша жеке жұмыс жасайды, ноталық материал бойынша репертуарлар таңдайды, қатысушыларымен топтық және жеке дайындықтар өткізеді. Орындау мен орындаушылық шеберліктің дамуын мүлтіксіз қамтамасыз етеді. Оркестрдің құрамындағы 70% жастар, колледж студенттері оркестр ардагерлерінен үлгі алады. Және олардың барлығын  музыкаға деген сүйіспеншілік біріктіреді. Ирина Николаева жақсы, сауатты дирижер ғана емес, сонымен қатар нағыз ұстаз. Ұжымда оқу-шығармашылық үдірісі әдісі қойылған, талапшылдығы және сонымен қатар жетекшінің әр қатысушыға деген үлкен ілтипаты жоғары нәтиже беруде. 2016 жылы ұжымның музыкалық дамуы айтарлықтай артты. Ұжым Мәдениет үйінің іс-шараларына қатысып, жазғы би алаңында жұмыс істейді. Тәттімбет атындағы колледждің үрмелі оркестірімен шығармашылық ынтымақтастық Мәдениет үйінің оркестір ұжымының шығармашылық дамуына көмегін тигізеді.

2018 жылдан бастап Саран қаласының Балалар өнер мектебінде саксофон классы бойынша оқытушы болып жұмыс істейді.

Iс-шаралар

Меню