Үрмелі аспаптар халықтық оркестрі

«Теміржолшылар» Мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрінің тарихы сарай құрылуының алғашқы күндерінен басталды. Осы жылдар ішінде музыканттардың әр буыны үрмелі музыка мен оркестрдің дамуына өз үлесін қосты. Алғашқылардың бірі болып кәсіби музыканттар Клейман Г.Г., Глинский Н.К., Алиев А.Ш., Тарабин П.Г., Гудыма В.В. 1985 жылы «Теміржолшылар» Мәдениет сарайында үрмелі аспаптар оркестрі құрылды. Оркестрдің құрылуына себепші болған-  Гудыма Владимир Васильевич.

Егорова Т.А. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап оркестр жетекшісінің міндеттерін атқарып келеді. Оркестр мүшелерінің саны – 23 адам. Бұл әуесқой музыканттар, негізінен теміржол саласында жұмыс жасайтын адамдар.

1988 жылдан бастап ұжым бірнеше рет расталған «Халық» атағына ие. Оркестрдің репертуарында 200-ден астам музыка бар. Бұл марштар, вальстер, қазіргі авторлардың лирикалық әндері, қазақтың халық әуендері. Ұжым Жеңіс күніне арналған жыл сайынғы аймақтық үрмелі аспаптар фестиваліне белсенді қатысады.

Халық үрмелі аспаптар оркестрінің ұжымы – олар қатысатын әр іс-шараның сәні. Көптеген жылдар бойы оркестр Қарағандыда және «спутниктер» қалаларында өтетін аймақтық үрмелі музыка фестивальдеріне қатысып келеді. Жылына бір рет ұжым өзінің есеп беру концертін дайындайды, оған көрермендер, туыстар мен балалар қуанышпен келеді. Ұжым арнайы бөлмеде дайындалады. Үрмелі аспаптар жиынтығын, сахналық костюмдердің екі жиынтығы бар. «Теміржолшылар» Мәдениет сарайының үрмелі аспаптар оркестрі және оның жеке орындаушылары концерттік бағдарламаларға, әскери бөлімдерде, ардагерлер үйлерінде қайырымдылық шараларына қатысады.

Жетекшісі: Татьяна Анатольевна Егорова «Теміржолшылар» мәдениет сарайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында «Магистраль» халықтық ардагерлер хорының аккомпаниаторы лауазымында 2001 жылдың 23 ақпанынан қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді.

2016 жылдың 1 сәуірінен бастап үрмелі оркестрдің бұрынғы жетекшісі кетуіне байланысты Татьяна Анатольевна «Теміржолшылар»мәдениет сарайы Халықтық үрмелі оркестрінің ұжымы жетекшісі міндетін атқарады.

Жұмыс барысында Т. А. Егорова мәдениет саласындағы білімді, білікті маман ретінде өзін көрсете білді, жан-жақты, жігерлі, өзінің сүйікті ісімен әуестенеді, кәсіби шеберлікке көп күш-қуат береді, ұжыммен сенімді қарым-қатынас орната алды. Осы арқылы Т. А. Егорова ұжымдағы құрметке ие болды. Мәдениет үйінің мәдени өміріне белсенді қатысқаны және Қазақстан халықтарының музыкалық және мәдени мұрасын белсенді насихаттағаны үшін бірнеше рет ТМС басшылығының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды.

2019 жыл – «Өнерім-өмірім» атты аталар мен әжелердің облыстық байқауында «хор және ансамбльмен ән айту» номинациясы бойынша бас жүлде.

Жыл сайынғы «Ардагерлер ән салады» фестиваліне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар.

Еңбекқор, жауапты, орындаушы, шығармашылықпен әуестенген, коммуникабельді, шығармашылық идеялардың үлкен әлеуетіне ие, өз ісінің жақсы маманы болып табылады.

Iс-шаралар

Меню