Нұра аудандық «Каданс» халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

Ұжым алғаш рет 1960 жылы тың игеруші Нидерквель Андрей Андреевичтің бастамасымен ұйымдастырылды.  Одан кейін оркестрді Сальвастер Владимир Андреевич басқарды. 2001-2005 жылдар аралығында ұжымға жетекшілік еткен В.Сальвастердің оқушысы Коньков Павел Валерьевич болды.

2001 жылы оркестр «халықтық» атағын алды. 2006 жылдан бастап оркестрдің басшысы болып Махаметчин Ахан Дулатұлы тағайындалды. Оркестрдің репертуары 30-дан астам шығармалардан құралған.

2011-2015 жылдары Алматы қаласында өткен «Үрмелі аспаптар» оркестрлері фестиваліне қатысты. Сонымен қатар жыл сайын өтетін облыстық «Звени труба победным маршем» атты фестивальге белсене қатысады.

Махаметчин Ахан Дулатұлы 1977 жылдың 30 қазанында Буқар жырау ауданында дүниеге келген. Жаңаталап ауылының орта мектебін 1995 жылы бітіріп, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің халық аспаптар бөлімі, оркестр жетекшісі, музыка мұғалімі мамандығы бойынша 1999 жылы аяқтады.

Ахан Дулатұлы 1999-2005 жылдары Ростовка орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып өзінің еңбек жолын бастады. 2005 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Шахтер ауылдық мәдениет үйінде – «Каданс» халықтық үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі болып жұмыс жасап келеді.

Iс-шаралар

Меню