Халықтық «Салтанат» ән-би ансамблі

«Салтанат» ән-би ансамблі 1969 жылы құрылып 1975 жылы «халықтық» атағы берілді.

«Салтанат» ансамблінің өміріндегі ең зор оқиғаның бірі, оның 1976 жылы Францияда өткен ХІХ Халықаралық фольклорлық фестивальге қатысып, жүлделі орын алып қайтқаны. Осы өнер коллективінің тарихындағы ерекше беттерінің бірі 1982 жылы Герман Демократиялық Республикасына барған сапары болып табылады. Осы сапарлардың бәрінде «Салтанат» ансамблі бүгінгі өрелі қазақ әндерін, халық өнерінің небір тамаша інжу маржандарын, қала берді Қарқаралы даласының дәстүрлі салттары мен ән жырларын шетел  жұртшылығы алдында көркемдік нақышпен насихаттап, үлкен еңбек етті. Осы өнер эстафетасы одан әрі жалғаса беруде.

Осындай жаңа бағдарламаның  бірімен «Салтанат» ән-би ансамблінің туысқан  Түркмения және Қарақалпақстан Республикасына барып қайтты. Сондай-ақ «Салтанат» ән-би  ансамблі 2000 жылы Болгария мемлекетіне сапар шегіп, халықаралық «Бургас-2000» фестиваліне қатысып қайтты. «Бургас-2000» фестивалінде «Салтанат» ән-би  ансамблі қазақ халқының дәстүрлі салттары мен ән-жырларын шетел жұртшылығы алдында паш етіп, «Лауреат»  атанып келді.

2003 жылы Ресейдегі Қазақстан жылына орай Қорған қаласына   барып қайтты. Ансабль сондай-ақ Астанада өткен Қарағанды күндеріне  барып Астана халқының қошеметіне бөленді.

Жыл сайын Қарағанды қаласында өтетін облыстық «Ауыл – Береке» ауылшауашылық жәрменкесіне  ансамбль арнаулы бағдарламамен  қатысады.

2015 жылы «Салтанат» ән –би ансамблі гастрольдық сапармен Баянауыл өңіріне барып қайтты.

«Салтанат» ән-би ансамблі тәрбие мен ұлағаттық үлгісінің жаршысы. Әрбір сахнаға шыққан туынды көрерменге  ой салып, онын жан дүниесіне рухани азық беріп, көңіліне нұр құйып,  сәулелендіріп отырады.

Ансамбльдің мақсаты – халқымыздың төл өнері мен ұлттық мәдениетін сақтап қалу, халықтың рухани байлығын дамыту, жастардын ұлттық сана сезімін қалыптастыру, ауылдың мәдениетін көтеру, рухани байлығын жетілдіру, жастарға заманымызға сай  тәрбиелелік мәдени шаралар үйымдастыру.

Ансамбль  өнер эстафетасын құлатпай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруда.

Жетекшісі: Мукашева Жанар Аманжолқызы  2013 жылдан бастап Халықтық «Салтанат» ән-би ансамблінің ұлт аспаптар оркестрінің жетекшісі боп жұмыс атқарады. Кәсіптік білімі бар: 2007ж. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін тамамдады. 2018 ж. Павлодар қаласындағы мемлекеттік университеттен білім алды.

Жанара Аманжолқызы  жұмысына жауапкешілікпен қарайды, оркестрдің репертуарын дайындап, оркестр қатысушыларының дайындығын қадағалап, үнемі шығармашылық ізденіспен, ұжымды басқарады. Жанара Аманжоловнаның басқаруымен ансамбль  көптеген аудандық, облыстық мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысты. Шығармашылық үлесі үшін түрлі алғыс хат пен дипломдармен марапаталды. 2019 жылы Қарқаралы ауданы әкімінің «Мәдениет саласының үздігі» номинациясы бойынша марапат алды.

Iс-шаралар

Меню