Народные коллективы Нуринского района OLD (kk translation)

Нұра аудандық ұлт – аспаптар халықтық оркестрі

Нұра аудандық «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрі  2003 жылы құрылып, 2006 жылы «халықтық» атағын қорғады. Оркестрдің репертурарында 40-тан астам күйлер, әндер, шетел композиторларының шығармалары бар. Аталмыш ұжым белсенді түрде концерттік және гастрольдік қызметтерін жүргізеді.

Оркестр ведет активную концертную и гастрольную деятельность:

  • 2010 жылы – «Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивальға қатысты;
  • 2011 жылы «Күй қайнары» облыстық конкурс жеңімпаздары;
  • 2017 жылы – Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен концертке қатысты. Сонымен қатар аудандық концерттерге белсене қатысып, шығармашылық концерттерімен ауданның елді мекендеріне гастрольдік сапармен шығады.

 

 

 


Сасым  Жолаушы Садықұлы 1955 жылы шілде айының 8-жұлдызында дүниеге келген. «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрінің жетекшісі. Білімі арнайы – орта. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесі, орта деңгейлі ,жоғары дәрежелі маман.

Жолаушы Садықұлы –1972 жылы Нұра ауданының мәдениет бөлімінде  автоклуб меңгерушісі болып еңбек жолын бастады.

1976-2000 жылдары «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрінің жетекшісі;

2000 жылы мәдениет үйінің басшысы;

2004 жылдан қазіргі уақытқа дейін аудандық мәдениет үйінде «Ұлт-аспаптар» халықтық оркестрінің жетекшісі болып қызмет атқарады.

2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық қарсаңында медалімен марапатталды.


Нұра аудандық «Каданс» халықтық үрмелі аспаптар оркестрі

Ұжым алғаш рет 1960 жылы тың игеруші Нидерквель Андрей Андреевичтің бастамасымен ұйымдастырылды.  Одан кейін оркестрді Сальвастер Владимир Андреевич басқарды. 2001-2005 жылдар аралығында ұжымға жетекшілік еткен В.Сальвастердің оқушысы Коньков Павел Валерьевич болды.

2001 жылы оркестр «халықтық» атағын алды. 2006 жылдан бастап оркестрдің басшысы болып Махаметчин Ахан Дулатұлы тағайындалды. Оркестрдің репертуары 30-дан астам шығармалардан құралған.

2011-2015 жылдары Алматы қаласында өткен «Үрмелі аспаптар» оркестрлері фестиваліне қатысты. Сонымен қатар жыл сайын өтетін облыстық «Звени труба победным маршем» атты фестивальге белсене қатысады.

Махаметчин Ахан Дулатұлы 1977 жылдың 30 қазанында Буқар жырау ауданында дүниеге келген. Жаңаталап ауылының орта мектебін 1995 жылы бітіріп, Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің халық аспаптар бөлімі, оркестр жетекшісі, музыка мұғалімі мамандығы бойынша 1999 жылы аяқтады.

Ахан Дулатұлы 1999-2005 жылдары Ростовка орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып өзінің еңбек жолын бастады. 2005 жылдан бастап қазіргі таңға дейін Шахтер ауылдық мәдениет үйінде – «Каданс» халықтық үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі болып жұмыс жасап келеді.

 

Iс-шаралар

Меню