Народные коллективы г. Сарань OLD (kk translation)

Халықтық үрмелі оркестір

Халықтық үрмелі оркестрдің негізінде үрмелі оркестр аспаптарының сыныбы бойынша өнер колледжін тәмәмдаған жас маман Ирина Борзыхтың жетекшілігімен эстрадалық-джаздық топ жұмысын жалғастыруда. Ұжым жетекшісі «Жылдың жас дарыны» номинациясы бойынша Саран қаласы әкімінің «Қыран» жастар сыйлығының жеңімпазы атанды.

Халықтың үрмелі оркестрдің ұжымы жаңа кәсіби деңгейге шықты. Оркестр қаланың көптеген іс-шараларына қатыса бастады, тұрғылықты жері бойынша кәсіби мерекелерде өнер көрсетеді. Қала тұрғындары үшін би кештері айына екі рет жазғы кезеңде Мәдениет үйінің саябағында өткізіледі.

Жетекшісі: Ирина Николаевна Борзых

 

 

 

 

 

 


«Ивушка» орыс аспаптар халық оркестрі

Халықтық орыс ұлттық аспаптарының оркестр ұжымы 2016 жылғы қыркүйек айынан бастап жаңа басшы Наталья Юрьевна Поповичпен жұмысын қайта бастады. Ұжым қатысушылары – қаланың Балалар музыка мектептерінің, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары.  Қаланың түрлі алаңдарында қалалық іс-шараларға қатысады.

Жетекшісі: Наталья Юрьевна Попович

 

 

 

 


«Мудрость» соғыс және еңбек ардагерлерінің халықтық хоры

«Мудрость» халықтық хор ұжымы орындаушылық шеберліктерінің деңгейін арттыруды жалғастыруда. Ұжым қатысушылары «Россиянка» этно-мәдени қоғамдық бірлестіктің жұмысына, ұлттық, қалалық мерекелерге белсене қатысады. Ұжым репертуарында түрлі бағаттағы әндер.

Жетекшісі: Юлия Юрьевна Ершова

 

 

 

 

 

 

 


«Детство» үлгілі би ансамблі

Ұжым қаланың «Жас отау» және «Россиянка» этномәдени бірлестіктерімен үнемі ынтымақтасады, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы желісі бойынша облыстық фестивальдарға белсенді қатысады. «Детство» үлгілі би ансамблі қалалық мерекелерді «Менің Қазақстаным – менің ортақ үйім», «Құтқарылған әлем есінде», «Наурыз мейрамы» және т.б. хореографиялық композицияларымен  әрлей түседі.

Ұжым басшылары қала мектептерінің оқушыларымен, хореографиялық ұжымдардың қатысушыларымен қалалық, спорттық-бұқаралық іс-шараларға үлкен қойылымдар жасайды. Ұжымның жаңа құрамы есеп беру концертіне дайындалып, хореографиялық қойылымдармен жұмыс істейді. 2019 жылы есептік концерт ұжымның мерейтойы күні өтті. Жарқын концерттік бағдарлама дайындалды.

Жетекшісі: Ольга Демьяновна Голева

Iс-шаралар

Меню