Республикалық, Халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жеңімпаздары

Көркемөнерпаздар ұжымдары беделді республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарда Қарағанды облысын лайықты түрде таныстырады.

Қарағанды облысының көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысушылары 2020 жыл бойы түрлі Халықаралық және Республикалық конкурс, фестивальдерге қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы жанынан Айтбай Жұмағұловтың жетекшілігімен «Арқа» ақындар мектебі өз жұмысын жалғастыруда. 2020 жылы мектеп қатысушылары республикалық айтыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды:

Әділов Тілеген-Нұр-Сұлтан қаласында өткен Абай хакімнің 175 жылдығына арналған республикалық айтыста 3 орын алды.

Ботпай Доскей-Қарағанды қаласында өткен хакім Абайдың 175 жылдығына арналған Республикалық студенттер айтысында бас жүлдені алды.

Оспанов Бекарыс Қарағанды қаласында өткен Абай хакімнің 175 жылдығына арналған республикалық студенттік айтыста 2 орын алды;

Ерғалиев Әлихан-Алматы облысында «Жыр алыбы Жамбыл» және Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ақберен» республикалық оқушылар айтыстарында екі бас жүлдені жеңіп алды;

Макашев АбзалҚарағанды қаласында өткен «Ақберен» республикалық оқушылар айтысында 1 орын алды және Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық  «Ғаламның ғұлама ұзтазы» атты айтыста 3 орынды иеленді.

Пандемия кезінде би ұжымдары онлайн режимінде халықаралық байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысып, марапатталды:

«Зимняя сказка» халықаралық байқауында Халықтық және заманауи би номинациялары бойынша Теміртау қаласының «Гюзель»үлгілі би ансамблі екі Бас жүлдені жеңіп алды (Алматы қ.). «Босфор фольклорлық Одағы» халықаралық онлайн байқауында Бас жүлдені жеңіп алды (Стамбул қ. Түркия);

Теміртау қаласының «Арабески» үлгілі би ансамблі III халықаралық «Еуропа Азия» байқауында екі I орын және үш Бас жүлде, Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Talentedkidsonline» халықаралық байқау жобасында I орын, «Испания таланттары» II халықаралық көпжанрлы фестиваль-конкурсында екі Бас жүлде және екі I орын (Лорент-де Март қ., Испания), II Халықаралық «LondonArt» фестиваль-конкурсында екі бас жүлдеге ие болды (Лондон, Англия) екі).

«Вдохновение»үлгілі ансамблі (Теміртау қ.) «Встреча на берегах Нева» Х халықаралық хореографиялық өнер фестивалінде екі Бас жүлдемен және I дәрежелі дипломмен марапатталды»(Санкт-Петербург қ., Ресей);

«Глория»үлгілі ансамблі (Теміртау қ.) «Париж таланттарды ашады» халықаралық онлайн конкурсында Бас жүлде және әр түрлі номинациялар мен жас санаттарында екі І орын (Париж қ., Франция), «Варшава мотивтері» халықаралық онлайн – конкурсында екі I орын (Варшава қ., Польша) иеленді;

«Ветерок»үлгілі ансамблі (Балқаш қ.) А.Құнанбаевтың 175 жылдығына, Н.Тілендиевтің 95 жылдығына және Ш.Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған І республикалық онлайн байқауда I орын алды(Өскемен.қ);

«Грация»ансамблі (Теміртау қ.) «ArtGlobalFest»(Нұр-сұлтан Қ.), «Париж таланттарды ашады» (Париж, Франция қ.), «Испания таланттары» (Лорент-де Март қ., Испания) Халықаралық байқауларының үш Бас жүлдесін, «Виктория» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XI Халықаралық байқау – фестивалінің І орнын (Қазан қ., Татарстан), «Друзья в Москва» IV Халықаралық Музыка және би фестивалінде I және II орындарды жеңіп алды (Мәскеу қ., Ресей)

«Ронд» спорттық бал билерінің үлгілі студиясы (Теміртау қ.) «BAYTEREK WINTERCUP – 2020» спорттық бал билерінен халықаралық турнирде (Нұр-Сұлтан қ.) жүлдегер атанды, Республикалық турнирде I орын және ҚР Чемпионатында 5 орын алды.

Ұжымдар мен жекелеген орындаушылар Республикалық және Халықаралық конкурстарда табысты өнер көрсетуде:

«Вдохновение» үлгілі вокалды-хореографиялық ансамблінің вокалды тобы (Теміртау қ.), VI республикалық «Әсем әнім» байқауында(Қарағанды қ.) 1 орынды және бас жүлдені иеленді, VII Халықаралық «Astana Grand-Prix» байқауында (Нұр-сұлтан Қ.) екі 1 орынды және екі 2 орынды, «Хрустальная Ника» Бүкілресейлік вокалды-хореографиялық байқауында(Мәскеу қ.) 1 және 2 орынды жеңіп алды.

«Бэби шлягер»үлгілі балалар студиясы (Теміртау қ.) «Еуропа Азия» III Халықаралық фестиваль-байқауында (Нұр-сұлтан Қ.) үш I орынды, «Бала Шабыт» халықаралық байқауында (Нұр-сұлтан Қ.) Бас жүлде және төрт I орынды, «LondonArt» халықаралық байқауында (Лондон, Англия) төрт I орынды иеленді;

Ебсеева Лиза «До-ми-СОЛЬ» балалар вокалдық студиясының (Қарағанды мкг) әншісі «ADAGIO» халықаралық байқауында (Нұр-сұлтан Қ.) І орын алды.

«Айналайын»вокалдық тобының солисі Берік Әнуар (Шахтинск қ.) «Alach» республикалық онлайн байқауының бас жүлдесін жеңіп алды (Нұр-сұлтан Қ.)

«Шабыт» эстардтық вокалдық студиясының (Қарағанды ҚКГ) солистері жеңімпаз атанды:

Балатқызы Асылайым –«Alash-star» IV Халықаралық шығармашылық байқауының бас жүлде иегері( Нұр-сұлтан),

Кушенов Исламдарынды балаларға арналған «Жаз мереке» республикалық байқауының бас жүлде иегері (Нұр – сұлтан), көрнекті композитор, Қазақстан әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған «Менің қазақстаным» халықаралық музыкалық марафонына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

Вокалист Цурикова Виктория(Топар кенті «Энергетик» МҮ) «Alash star» VII Халықаралық онлайн байқауының II дәрежелі Дипломымен марапатталды (Нұр – сұлтан қаласы)

«Пестрая компания» вокалдық тобының солистері Арина Батталова (Қарағанды қ.). «Menzhuldyz» республикалық шығармашылық байқауының І дәрежелі дипломы және Гран-При иегері атанды.

2019 жылы марапатталған ұжымдар:

«Вдохновение» үлгілі ансамблі (Теміртау қ.) халықаралық «Рауан» байқауында екі Гран-При, Халық биі номинациясында екі I орын және V Халықаралық «АРТ – Поток» қозғалысы мен пластикасы байқауында Эстрадалық би номинациясында екі I орын (Ресей, Қырым), II республикалық «Күзгі ырғақтар» конкурсында екі Гран-При (Шымкент қ.), «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнерінің халықаралық конкурсында төрт I орын (Нұр-сұлтан Қ.) жеңіп алды;

 

«Глория» үлгілі ансамблі «Шекарасыз» халықаралық байқауында түрлі номинациялар мен жас санаттарында төрт І орын және Гран-При иегері атанды.(Теміртау қ.) (Абхазия Республикасы), республикалық чемпионатта төрт Гран-при, хореография жанры бойынша «Гран При Кубогы»  (Алматы қ. );

 

 


«Грация» ансамблі V Халықаралық «Шығыс Жұлдызы» байқауында бас жүлде және үш І орын (Теміртау қ.),  IV халықаралық «Ашық Қазақстан»  байқауында екі І орын «таң шұғыласы» халықаралық байқауында үш Гран-при (Нұр-сұлтан Қ.), І және ІІ орын иегері (Алматы қ.);

 

 


Қарағанды қаласының «Қуаныш» үлгілі би ансамблі Нұр-сұлтан қаласында Димаш Құдайбергеннің «Арнау» концерттік бағдарламасына қатысып, шығармашылық қызметінің 25 жылдығына орай үлкен есеп беру концертін берді.

 

 


«Росинка» үлгілі ансамблі  «Азия жұлдыздары 2019» ашық халықаралық өнер және спорт чемпионатында үш бас жүлде мен «Үздік хореограф» дипломын (Алматы қ.), «алтын таланттар» халықаралық байқауында үш I орын (Алматы қ.), «сахна шебері» халықаралық байқауында екі I орын және «хореография шебері» жанры бойынша арнайы жүлдесін жеңіп алды(Алматы қ.);

 

 


Қарағанды қаласының «Улыбка» үлгілі ансамблі би өнері бойынша халықаралық «summer ferst таланттар шеруі» байқауында I және II дәрежелі екі мәрте лауреат атанды (Алматы қ.), «Жұлдыздар-2019» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының республикалық көпжанрлы байқауының бас жүлде және I дәрежелі лауреаттары-(Қарағанды қ.);

 

 


Балқаш қаласының «Ветерок» үлгілі ансамблі «Pro танц Kz-2019» халықаралық чемпионатында төрт I орын, екі Гран-при және «жаңа формат» халықаралық байқауында екі 1 орын алды.(Нұрсұлтан қ.)

 

 

 


«Mega best kz», « International festival competition of Dance Art» (Нұр-сұлтан Қ.), «summer ferst таланттар шеруі және «Мен билегім келеді» (Алматы қ.) Халықаралық байқауларда «Best» би ұжымы I дәрежелі лауреат атанды.

 

 

 


«Нұрби» хореографиялық ансамблі І орын (Қарағанды қ.),

II Халықаралық «Әлем жұлдыздары» фестивалі Гран-при (Нұрсұлтан қ.),

«AMORE VITA» әлем кубогы Гран-при, 1,2 орын (Грузия, Кобулети қ.),

«Планета ырғағы» халықаралық байқауында  (Қарағанды қ.);

 

Бұқар Жырау ауданының «Эдельвейс» үлгілі ансамблі «Қазақстан раушандары» халықаралық хореографиялық өнер байқауында І орын алды (Павлодар қ.);

«Терпсихора» үлгілі би ансамблі (Қарағанды қ, ТМҮ) Жамбыл облысы би спорты Федерациясында алты І орынды, және екі ІІ орынды жеңіп алды;

 

 

«Ронд» спорттық бал билерінің үлгілі студиясы (Теміртау қ.) «Love Story-2019» (Алматы қ.), «Baiterek Winter Cup-2019» «Көктем кубогы SDance 2018», «Жазғы кубок Sdanse», «Summer CUP-2018» (Астана қ.), «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «BURABAY 2018» халықаралық турнирінде жүлдегерлер атанды. (Щучинск).

 

 

 

 


«Берегиня» орыс әнінің халықтық ансамблі (Теміртау қ.) «Дәстүрлер дауысы» халықаралық фольклор фестивалінде I орын алды (Ресей, Краснодар өлкесі);

Теміртау қаласының «Бэби шлягер» , «Күншуақ» халықаралық байқауында үш Гран-приге ие болды (Алматы қ.);

 

 


Арыстанбек Әсемай (Сәтпаев қ.) Республикалық «Сарын» байқауында бас жүлдені және Ерланқызы Аружан 2-орынды жеңіп алды, сондай – ақ «Сазды әуен» ұжымының жетекшісі Жұбаниязова Эльмара дипломмен марапатталды.

Сәтбаев қаласының қатысушылары «Қазақстан үміті» Республикалық байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша Айтбекова Фариза және Елеш Ақерке Гран-при иеленді.

 

 


 «Әуен» балалар вокалдық ансамблі (Ақтоғай ауданы) «Шашу» (Нұр-сұлтан Қ.) және «Sanat» (Түркия, Анталия қ.) халықаралық байқауларында бас жүлдені жеңіп алды);

Төрегелді Әлмира (Балқаш қ.) «Жас толқын» Республикалық ән байқауында «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша II орын алды.

Iс-шаралар

Меню