«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің» Қоғамдық бірлестігі

Джанаев, Увайс Хаважиевич – «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» қоғамдық Алтын медалімен марапатталған.«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестік» қоғамдық бірлестігі 1995 жылдың қаңтарында құрылды.

Шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің негізгі мақсаты этносаралық келісімді сақтау, ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді және тілді жаңғырту және дәріптеу; Қазақстан халқы Ассамблеясының идеяларын іске асыру болып табылады.

1997 жылдың наурыз айында «Вайнах» этномәдени бірлестігі «Вайнах» Республикалық қауымдастығына кірді.

Шешен-ингуш этномәдени бірлестігі жанынан ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі құрылып, белсенді жұмыс істеуде. Кеңес мүшелері жас ұрпақты тәрбиелеу және оны вайнахтардың мәдени құндылықтарымен таныстыру, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жүргізуде.

«Вайнах» этномәдени бірлестігінің мақтанышы-облыс пен республикада бірнеше рет концерттер мен фестивальдарда өнер көрсеткен, құрмет грамоталары мен сыйлықтарымен марапатталған аттас би ұжымы.

Орталықта тілдерді оқыту курстары жұмыс істейді, өз сайты бар. (www.vainahkrg.kz).

Iс-шаралар

Меню