«Назқоңыр» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблі

Құрылған жылы: 1989 жыл.

Ансамбльдің алғашқы ашылуын ұйымдастырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеушісі, сәкентанушы – «Сәкен қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының жанашыры» Оспанов Серік Кәрібайұлы.

Жаңаарқа ауданының 60 жылдық мерейтойының қарсаңында ансамбльдің орындауындағы алғашқы шығармаларын дайындауға Алматы консерваториясының студенті Бекболат  Тілеухан мен Рүстем Күлшебаев үлестерін қосты.

2001 жылы «Назқоңыр»  фольклорлы-этнографиялық ансамблі «халықтық» атаққа ие болды.

Ансамбльдің жетекшілері туралы мәлімет:

  • 1989 – 1997 жылдар – Қасқатаева Гүлнар;
  • 1997 – 2000 жылдар – Оспанов Бейсенбай;
  • 2000 – 2004 жылдар – Иманмұсаева Алтыншаш;
  • 2004 – 2014 жылдар – Рысмағанбетов Қайрат;
  • 2014 жылдан  – Қасқатаева Гүлнар.

Ансамбльдің қазіргі мүшелері:

  1. Нұрғалиева Бижамал – прима қобыз, әнші;
  2. Рысмағанбетов Қайрат – сырнай;
  3. Айтжанова Айман – сазсырнай,үскірік,шаңқобыз;
  4. Қасқатаева Гүлнар – домбыра (тенор-1), шіңкілдек, шаңқобыз;
  5. Иманұр Айтжан – шертер;
  6. Ұлмағанбетов Теміржан – домбыра(тенор-2), әнші;
  7. Сыздықов Жалын – бас домбыра, әнші;
  8. Сейткамалова Мақпал – тайтұяқ;домбырашы, әнші
  9. Сарымсақов Бейімбет – домбыра (тенор-2), әнші;
  10. Сағындықов Абзал – асатаяқ, тоқылдақ, сылдырмақ;
  11. Мұқатаев Қасиет – домбыра (тенор-1);
  12. Абдығазимов Шахизат – дабыл, дарбука, кахон;
  13. Ақанбаев Айдын – қылқобыз;

1990 жылы ансамбль Ресей мемлекетінің Астрахань қаласында өткен «Қазақ ұлтының әдебиеті мен өнерінің мәдени күндерінде» мемлекетіміздің мәдениеті мен өнерін дәріптеген, насихаттаған қазақтың маңдай алды жұлдыздары Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Мәдина Ералиева және «Адырна», «Сазген» фольклорлық – этнографиялық ансамбльдері, «Алтынай» би ансамблімен бірге  өнер көрсетіп келді.

1991 жылы Ресей мемлекетінің Курск қаласында, Жаңаарқа ауданының халықтық театры, Бүкілодақтық театрлар арасындағы байқауға қатысып, «Қыз Жібек» спектакілін халыққа ұсынып, 15 республиканың арасында І орынға ие болып келді. Спектакльдің қатысушыларының  жанды дауыспен орындаған ариялар 33 арияны  «Назқоңыр» халықтық фольклорлық – этнографиялық ансамблі сүйемелдеді.

2011 жылы түркі тілдес халықтардың музыкасын сақтау және әлемге таныту негізінде ұйымдастырылған «Ұлы дала сазы» атты І Халықаралық фестивальіне қатысып, өз өнерлерімен халықты тәнті етіп, бабаларымыздың мұрасын ұрпаққа аманаттай жеткізгені үшін Қарағанды облысы мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2012 жылы «Ел іші – өнер кеніші» Республикалық телевизиялық конкурсқа белсене қатысқаны үшін арнайы Дипломмен марапатталды.

2017 жылы «ЭКСПО – 2017» халықаралық  көрмесінің аясында өткен, Қарағанды облысының мәдениет және өнер күндерінде, үздік фольклорлық – этнографиялық ансамбльдердің қатарында өнер көрсетіп, барша халықтың ықыласына бөленді.

2017 жылы қазақтың үш биінің бірі – данышпан Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығының аясында өткен «Дала дауысы» атты халықаралық фольклорлық фестивальіне қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.

Ансамбль басқа да көптеген республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты. Бұл мәртебелер көпжылдық қажырлы еңбектің толағай табысы, нәтижесі.

2019 жылы, Алаштың ардақтысы, белгілі қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл, Жаңаарқа ауданының құрылғанына 90 жыл, «Назқоңыр» халықтық фольклорлық – этнографиялық ансамблінің құрылғанына 30 жыл толды.

Ұлы дала өркениетінің ұлттық мәдени мұрасына қомақты үлес қосып, халықтық жанрды дамытуда, құрамында 13 қатысушысы бар «Назқоңыр» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблінің өзіндік үлесі бар. Ансамбльдің репертуарында қазактың күйшілік дәстүрінде аттары аңызға айналған біртуар ірі дарындар – Тәттімбет, Құрманғазы, Қазанғаптың, Дайрабай, Сүгір, Динаның және жерлесіміз Мұхаметжан Тілеуханның шығармалары бар.

2020 жылы қазақтың белгілі сазгер күйшісі Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдық мерейтойы. Осыған орай ансамбль өз репертуарына сазгер күйшінің шығармаларын дайындап, халыққа ұсынды. Биыл ансамбль халыққа қазақтың күйлерін, халық әндерін, сазгерлердің жаңа шығармаларын онлайн түрінде ұсынып, елдің ықыласына бөленетін жаңа туындылар шығаруда.

«Назқоңыр» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблінің жетекшісі Гулнар Қасқатаева

 1966 жылы Атасу кентінде дүниеге келген. «Назқоңыр»  халықтық – этнографиялық  ансамбілінде 2014 жылдан бастап жетекшілік етеді. Жезқазған музыкалық училищесінің домбыра бөлімі мен ҚарМУдың «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.

Iс-шаралар

Меню