«Назқоңыр» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблі
Құрылған жылы: 1989 жыл.
Ансамбльдің алғашқы ашылуын ұйымдастырған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнер зерттеушісі, сәкентанушы – «Сәкен қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының жанашыры» Оспанов Серік Кәрібайұлы.
Жаңаарқа ауданының 60 жылдық мерейтойының қарсаңында ансамбльдің орындауындағы алғашқы шығармаларын дайындауға Алматы консерваториясының студенті Бекболат Тілеухан мен Рүстем Күлшебаев үлестерін қосты.
2001 жылы «Назқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «халықтық» атаққа ие болды.
Ансамбльдің жетекшілері туралы мәлімет:
- 1989 – 1997 жылдар – Қасқатаева Гүлнар;
- 1997 – 2000 жылдар – Оспанов Бейсенбай;
- 2000 – 2004 жылдар – Иманмұсаева Алтыншаш;
- 2004 – 2014 жылдар – Рысмағанбетов Қайрат;
- 2014 жылдан – Қасқатаева Гүлнар.
Ансамбльдің қазіргі мүшелері:
- Нұрғалиева Бижамал – прима қобыз, әнші;
- Рысмағанбетов Қайрат – сырнай;
- Айтжанова Айман – сазсырнай,үскірік,шаңқобыз;
- Қасқатаева Гүлнар – домбыра (тенор-1), шіңкілдек, шаңқобыз;
- Иманұр Айтжан – шертер;
- Ұлмағанбетов Теміржан – домбыра(тенор-2), әнші;
- Сыздықов Жалын – бас домбыра, әнші;
- Сейткамалова Мақпал – тайтұяқ;домбырашы, әнші
- Сарымсақов Бейімбет – домбыра (тенор-2), әнші;
- Сағындықов Абзал – асатаяқ, тоқылдақ, сылдырмақ;
- Мұқатаев Қасиет – домбыра (тенор-1);
- Абдығазимов Шахизат – дабыл, дарбука, кахон;
- Ақанбаев Айдын – қылқобыз;
1990 жылы ансамбль Ресей мемлекетінің Астрахань қаласында өткен «Қазақ ұлтының әдебиеті мен өнерінің мәдени күндерінде» мемлекетіміздің мәдениеті мен өнерін дәріптеген, насихаттаған қазақтың маңдай алды жұлдыздары Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Мәдина Ералиева және «Адырна», «Сазген» фольклорлық – этнографиялық ансамбльдері, «Алтынай» би ансамблімен бірге өнер көрсетіп келді.
1991 жылы Ресей мемлекетінің Курск қаласында, Жаңаарқа ауданының халықтық театры, Бүкілодақтық театрлар арасындағы байқауға қатысып, «Қыз Жібек» спектакілін халыққа ұсынып, 15 республиканың арасында І орынға ие болып келді. Спектакльдің қатысушыларының жанды дауыспен орындаған ариялар 33 арияны «Назқоңыр» халықтық фольклорлық – этнографиялық ансамблі сүйемелдеді.
2011 жылы түркі тілдес халықтардың музыкасын сақтау және әлемге таныту негізінде ұйымдастырылған «Ұлы дала сазы» атты І Халықаралық фестивальіне қатысып, өз өнерлерімен халықты тәнті етіп, бабаларымыздың мұрасын ұрпаққа аманаттай жеткізгені үшін Қарағанды облысы мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
2012 жылы «Ел іші – өнер кеніші» Республикалық телевизиялық конкурсқа белсене қатысқаны үшін арнайы Дипломмен марапатталды.
2017 жылы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің аясында өткен, Қарағанды облысының мәдениет және өнер күндерінде, үздік фольклорлық – этнографиялық ансамбльдердің қатарында өнер көрсетіп, барша халықтың ықыласына бөленді.
2017 жылы қазақтың үш биінің бірі – данышпан Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығының аясында өткен «Дала дауысы» атты халықаралық фольклорлық фестивальіне қатысып, арнайы сертификатқа ие болды.
Ансамбль басқа да көптеген республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты. Бұл мәртебелер көпжылдық қажырлы еңбектің толағай табысы, нәтижесі.
2019 жылы, Алаштың ардақтысы, белгілі қоғам қайраткері, дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл, Жаңаарқа ауданының құрылғанына 90 жыл, «Назқоңыр» халықтық фольклорлық – этнографиялық ансамблінің құрылғанына 30 жыл толды.
Ұлы дала өркениетінің ұлттық мәдени мұрасына қомақты үлес қосып, халықтық жанрды дамытуда, құрамында 13 қатысушысы бар «Назқоңыр» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблінің өзіндік үлесі бар. Ансамбльдің репертуарында қазактың күйшілік дәстүрінде аттары аңызға айналған біртуар ірі дарындар – Тәттімбет, Құрманғазы, Қазанғаптың, Дайрабай, Сүгір, Динаның және жерлесіміз Мұхаметжан Тілеуханның шығармалары бар.
2020 жылы қазақтың белгілі сазгер күйшісі Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдық мерейтойы. Осыған орай ансамбль өз репертуарына сазгер күйшінің шығармаларын дайындап, халыққа ұсынды. Биыл ансамбль халыққа қазақтың күйлерін, халық әндерін, сазгерлердің жаңа шығармаларын онлайн түрінде ұсынып, елдің ықыласына бөленетін жаңа туындылар шығаруда.
«Назқоңыр» халықтық фольклорлы – этнографиялық ансамблінің жетекшісі Гулнар Қасқатаева
1966 жылы Атасу кентінде дүниеге келген. «Назқоңыр» халықтық – этнографиялық ансамбілінде 2014 жылдан бастап жетекшілік етеді. Жезқазған музыкалық училищесінің домбыра бөлімі мен ҚарМУдың «Мәдени- тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірген.
Серік Ысқақов атындағы халық театры
Жаңаарқа жерінде 1950 жылдарынан бастап өнерлі жандардан құрылған драма үйірмесі жұмыс істей бастады. Драма үйірмесін ұйымдастырушылардың бірі Аманжол Үсеновтің режиссерлығымен 1963 жылы қойылған «Қыз Жібек» спектаклімен «Халық театры» атағын иеленді.
Халық театрына ерен еңбегі сіңген режиссерлардың бірі -Серік Ысқақов. 2010 жылы халық театрына осы кісінін аты берілді.
Серік Ысқақов театрдың режиссері болып 1965-1970жж жұмыс істеді, көп еңбек сіңірген ардагерлеріміздің бірі. Халық театрын қолына алып жандандырып, кейінгі буынға дәріс берген еді.
Қойған қойылымдары атап айтсақ: 1970ж С.Жүнісовтың «Ажар мен Ажал» спектаклі республикалық байқауға ұсынып, лауреат атағын алды;
1978ж театрдың тұрақты режиссері болып Мәруаш Еленбаева тағайындалды. М.Еленбаева халық театрын бірге құрып, 40 жылдан астам мәдениет саласында қызмет атқарып, тіпті өмірінің соңына дейін режиссерлік қызметін атқарып кетті.
1983 жылы театрға Мәскеудегі Шепкин атындағы театр студиясының түлегі А.Сыздықов режиссер болып «Әпке», «Ана жүрегі»,
«Әке тағдыры»спектаклдерін қойды.
1989 жылы Т.Нұрмағамбетовтың «Табалдырығына табын» спектаклін республикалық байқауда қойып лауреат атанды.
Шақыртумен келген белгілі режиссер Ж.Хаджиев 1991 жылы халық театрымен жұмыс жасап Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібек» спектаклін ауданымызға тарту етті. Сол жылы осы спектаклмен Ресейдің Курск қаласында өткен бүкілодақтық әуесқой театрлардың байқауда зор табысқа ие болып І орыниеленіп лауреат атанды.
2007 жылдан бастап халық театрының жетекшісі болып Маруаш Еленбаеваның шәкірті Бейсенбай Оспанов тағайындалды. Осы аралықта Б. Оспанов бірнеше спектакльдерді сахналап қойды. Атап айтсақ: Е.Төлеутай «Жеңгетай», А.Салықов «Сәкеннің аманаты», Б.Рамазан «Шырмауық», Ғазиз Ештанаев «Менің Сәкенім», Кеңес Жұмабеков «Заманың неткен тар еді…» режиссер Бейсенбай Оспанов Облыс әкімінің «Жылдың үздік театр режиссері» номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ Жаңаарқа ауданы С.Ысқақов атындағы халық театрын Е.Төлеутайдың 2 – актылы «Жеңгетай» комедиясымен Қарағанды облысының атынан Атырау өңіріндегі 26-29 сәуір күндері өтетін Республикалық Халық театрлары фестиваліне қатысып, «Үздік әйел ролі» номинациясымен марапатталып, ақшалай сыйлық иеленді. Ғазиз Ештанаевтың «Менің Сәкенім» трагедиясынан көрініс.
Серік Ысқақов атындағы халық театрының жетекшісі – Бейсенбай Оспанов
1972 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. 2008-2012 ж.ж Қазақстан жаратылыстану-гуманитарлы колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген.
2000 жылдан бастап түрлі спектакльдерде ойнаған. 2010 жылы режиссер Бейсенбай Оспанов Облыс әкімінің «Жылдың үздік театр режиссері» номинациясы бойынша марапатталды. Сондай-ақ Жаңаарқа ауданы С.Ысқақов атындағы халық театрын Е.Төлеутайдың 2 – актылы «Жеңгетай» комедиясымен Қарағанды облысының атынан Атырау өңіріндегі 26-29 сәуір күндері өтетін Республикалық Халық театрлары фестиваліне қатысып, «Үздік әйел ролі» номинациясымен марапатталып, ақшалай сыйлық иеленді.
«Балдәурен» халықтық хореграфиялық ансамблі
«Балдәурен» үлгілі бишілер тобы 1986 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған.
1986 жылы Мұқатова Қорлан Асылбекқызы Қарағанды қаласынан келіп «Балдәурен» би тобын ашты.
1993-2016 жылдар аралығында «Балдәурен» бишілер тобына Жұмабекова Ләззат Нұрланқызы жетекшілік етті.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда «Қорқыт ата» атындағы Мемлекеттік университетінің «Хореграфия» түлегі Меңдібаева Гүлдана Қасымханқызы жетекшілік жасап отыр.
Жетістіктері:
«Ұлы дала әуені» халықаралық фестиваль-конкурсында «Балдәурен» үлгілі бишілер тобы бас жүлдемен марапатталды. Халықаралық би күніне арналған облыстық «Би әлемі» байқауына қатысып, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың ұлттық би өнерін дамытып, шәкірт тәрбиелeу жолында қосқан үлесі үшін жетекшісі Меңдібаева Гүлдана алғыс хатпен марапатталды.
Республикалық «Кубок трех Богатырей» атты би турнирінде «Балдәурен» үлгілі бишілер 12-14 жас аралығы тобы 2 орынмен марапатталды. Республикалық «Кубок трех Богатырей» атты би турнирінде «Тұмар» би тобы 8-11 жас аралығында 3 орын иеленді.
Республикалық «Кубок трех Богатырей» атты би турнирінде «Балдәурен» үлгілі бишілер тобы 12-14 жас аралығында 1 орын иеленді.
Халықаралық би күніне арналған облыстық «Би әлемі» байқауына қатысып, Көркемөнерпаз би ансамблідері арасында 5-8 жас аралығында 2 – орын және Лауреат атағына ие болған «Тұмар» би ұжымы марапатталады.
Қарағанды қаласында өткен 2-ші Республикалық би конкурсында «Тұмар» би ансамблі 1 орын иеленді. Дәл осы байқауда «Тұмар» би ансамблінің кіші тобы Бас жүлде иеленді.
Нұрсұлтан қаласында өткен «АRT – Shabyt» балалар өнер орталығының ұйымдастыруымен «Өнермен көркем – өмірім» 3-ші республикалық балалар өнер байқауында «Би өнері» номинациясында «Балдаурен» үлгілі бишілер ансамблі «Бас жүлде» иеленді.
«Балдәурен» халықтық хореграфиялық ансамблінің жетекшісі – Меңдібаева Гүлдана Қасымханқызы
1988 жылы дүниеге келген.
2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда «Қорқыт ата» атындағы Мемлекеттік университетінің «Хореграфия» түлегі Меңдібаева Гүлдана Қасымханқызы жетекшілік жасап отыр.