Айтыс » Армысың, әз Наурыз!»- ұлттық өнер мерекесі

17 наурыз күні Қарағанды қаласында Кеншілер мәдениет сарайында ұлы тұлғалардың мерейтойларына арналған «Армысың, әз Наурыз!» ақындар айтысы жоғары деңгейде өтті.

Айтыстың ұйымдастырушылары мен қолдаушылары: Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы және «Арқа» айтыс ақындары мен жыршы-термешілер мектебінің ұйымдастыруымен өтті.

«Армысың, әз Наурыз!» айтысы – қазақтың рухани қазынасын жаңғыртқан, жас ақындарға үлкен мүмкіндік берген ұлттық өнердің мерекесі болды. Ұлттық айтыс өнері асқақтап, руханияттың көкжиегі кеңейе берсін

Жыр додасы қазақтың төл өнерін дәріптеп, ұлттық рухты жаңғыртқан айтулы шараға айналды. Бұл дүбірлі дода Тәттімбет Қазанғапұлының 210, Доскей Әлімбайұлының 175, Шашубай Қошқарбайұлының 160, Мәди Бәпиұлының 145, Жұмабек Ташеневтің 110 және академик Ебіней Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойларына арналды. Айтыста ақындар бабалар рухын асқақтатып, елдік пен ерлікті, қазақтың салт-дәстүрін, қоғамдағы өзекті мәселелерді жырға қосты.

Айтыстың ерекшелігі мен көрермен әсері

Айтыс ұлттық салт-дәстүрмен сабақтасып, дәстүрлі шашумен басталып, фойеде «Қуаныш» би ансамблінің «Қара жорға» биімен жалғасты. Сахна киіз үй үлгісінде безендіріліп, қазақтың рухын асқақтататын көріністер қойылды.

Көрермен қауым ұлттық өнердің құдіретін сезініп, ақындарға қолдау білдіріп отырды. Жиналған жұртшылық айтыстың мазмұнына риза болып, ұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Жыр додасына Арқа өңірінің айтыскер ақындары Айтбай Жұмағұлов,  Тілеген Әділ, Мақсат Аханов, Дидар Қами, Нұрмұхаммед Байсүгір, Нұрсұлтан Рымбай қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды. Айтыстың абройын, рухын, беделің  көтерген белгілі арқа әншілері Сержан Мұсайын,  Сырым Хордин, Гүлмира Топай.

Айтыстың сарапшылары: Қойлыбай Асан (филология ғылымдарының докторы, профессор) және Саржан Тахиров (филология ғылымдарының кандидаты, профессор) болды. Олар ақындардың өнерін әділ бағалап  анықтады.

Ақындар арнайы жүлделерге ие болды:

  • Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы жүлде – Нұрмұхаммед Байсүгір
  • Доскей Әлімбайұлы атындағы  жүлде – Мақсат Аханов
  • Шашубай Қошқарбайұлы атындағы жүлде – Тілеген Әділ
  • Мәди Бәпиұлы атындағы жүлде Дидар Қами
  • Жұмабек Ташенов атындағы жүлде – Нұрсұлтан Рымбай
  • Евней Бөкетов атындағы жүлде – Айтбай Жұмағұлов сынды Арқаның алты ақыны арнайы жүлделерге ие болды.

«Армысың, әз Наурыз!» айтысы – рухани жаңғырудың символына айналып, қазақ поэзиясының көркемдігі мен құдіретін айқын көрсетті. Айтыс дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай берсін!

Iс-шаралар

Меню