Жүрсін Ермановтың 70 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар айтысы жайлы

2021 жылдың қараша айының 25-ші жұлдызында сағат 11:00-де Кеншілер мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ермановтың 70 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар айтысы өткізілді.
Ақындар айтысында қазақ еліне белгілі айтыскер ақындар бақ сынасты.

Айтысты ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері – Аманжол Әлтаев жүргізді.

Әділ қазылар алқасының құрамында:

  • Еңбек ері, Қазақстанның халық артисі, қазылар алқасының төрағасы — Асанәлі Әшімов;
  • Қазақстан халық артисі, Қазақстан республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері — Алтынбек Қоразбаев;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайратқері — Жанарбек Әшімжан;
  • Ақын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Ғалым Жайлыбай;
  • Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері — Серік Ақсұнқарұлы;
  • Ақын, ф.ғ.д., Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессоры, «Мәдениет қайраткері» белгесінің иегері — Асан Қойлыбай;
  • Ақын, Қ.Мырзалиев атындағы орталығының директоры — Бауыржан Халиолла;
  • Журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері — Мереке Құлкенов;
  • Ақын, Қазақстанның Мәдениет қайраткері — Ануар Омаров;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайратқері — Ұлыкбек Есдаулет төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлде иелері анықталды:

  • Бас жүлде — Төлеген Жаманов (Жезқазған қаласы);
  • I орын – Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы);
  • II орын — Еркебұлан Қайназар (Нұл-Сұлтан қаласы);
  • II орын — Айтбай Жұмағұлов (Қарағанды қаласы);
  • II орын — Қалижан Білдашев (Оңтүстік Қазақстан облысы);
  • III орын — Әсем Ереже (Шығыс Қазақстан облысы);
  • III орын — Бауыржан Ширмединұлы (Орал қаласы);
  • III орын — Шaлқарбай Ізбасаров (Атырау облысы);
  • III орын — Тілеген Әділов;
  • III орын — Өміржан Көпбосынов;
  • Доскей Әлімбай атындағы арнайы жүлде -Мұхтар Ниязов (Қызылорда қаласы);
  • Нарманбет Орманбетұлы атындағы арнайы жүлде — Рауан Қайдаров (Павлодар қаласы);
  • Көшен Елеу атындағы арнайы жүлде — Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы);
  • Қасым Аманжолов атындағы арнайы жүлде — Қазырет Бердіхан (Алматы қаласы);
  • Шашубай Қошқарбайұлы атындағы арнайы жүлде — Марат Ахметов (Ақтөбе қаласы);
  • Жүрсін Ерман атындағы арнайы жүлде -Бекарыс Шойбеков (Түркістан қаласы).

Барлық ақындарға дипломдар, гүл шоқтары және ақшалай сертификаттар табы етілді.

Последние мероприятия

Меню