Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған XXV «Жан шуағы» облыстық фестивалі

2022 жылдың маусым айының 26-шы жұлдызында «Шалқыма» концерт залында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған XXV «Жан шуағы» облыстық фестивалі өтті.

«Шалқыма» концерт залының фойесінде «Менің әуестігімнің әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.

Фестивльді саңыраулар және нашар еститін жандардың мәдениет үйінің директоры Асет Амербеков Армиевич ашып берді.

XXV облыстық фестивальге:

  • Қарағанды қаласының саңыраулар мәдениет үйі;
  • Қарағанды қаласының зағип және нашар көретін азаматтардың мәдениет үйі;
  • Балқаш қаласының саңыраулар клубы;
  • Теміртау мәдениет сарайы;
  • Абай ауданның «Бірілік» ерекше қажеттіліктері бар жандардың қоғамдық бірлестігі;
  • Абай ауданының «Жәрдем» мүгедектер қоғамдық бірлестігі;
  • Жаңаарқа ауданының мәдени – сауық орталығы;
  • Қарағанды қаласының Жаңа Майқұдық Мәдениет үйі;
  • Шахтинск қаласының Кеншілер мәдениет сарайы;
  • Ақтас кентінің мәдени – сауық орталығы;
  • № 2 және № 3  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы;
  • Саран қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы
  • Теміртау қаласының «Қазақ көзі нашар көретіндер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш ұйымы;
  • «Қамқор» мүгедектердің ерікті қоғамы;
  • Қарағанды қаласының «Batyl Jureg» қайырымдылық қоры;
  • «Арман» мүгедектердің ерікті қоғамы өнерпаздары өнер көтсетті.

Дәстүр бойынша фестивальдің барлық қатысушы ұйымдарына диплом мен кубок және 3000 теңге көлемінде материалдық ынталандыру сыйақысы табысталды.

Последние мероприятия

Меню