«Сарыарқаның жаңа есімдері» атты әуесқой композиторлардың облыстық онлайн байқауы жайлы АҚПАРАТ

2022 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызы аралығында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен талантты әуесқой композиторларды іздеу және қолдау, түрлі жанрлар мен бағыттардағы авторлық музыкалық шығармаларды насихаттау, Қарағанды облысы халқының шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында @onmcdint инстаграм әлеуметтік желісінде #композиторысарыарки хэштегі арқылы «Сарыарқаның Жаңа есімдері» атты әуесқой композиторлардың облыстық онлайн байқауы өтті.

Байқау «Балалар әні», «Туған жер туралы ән», «Еркін тақырыптағы ән» атты үш номинациядан тұрды.

Байқауға Ақтоғай, Бұқар Жырау, Жаңаарқа, Осакаров, Ұлытау аудандарынан және Балқаш, Жезқазған, Шахтинск, Қарағанды қалаларынан 60 әуесқой композиторлар қатысты.

Байқаудын марапаттау рәсімі 2022 жылы наурыз айының 18-і күні Достық үйінде өткізілді.

Байқауды «Ақмаңдайлым» байқауының бас жүлде иегері Ербота Ұзақбаев, Несіпбек Айтұлының сөзіне жазылған Ақселеу Сейдімбектін «Сарыарқа» әнімен ашты.

Марапаттау рәсімінің алдында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы орынбасары Ерлан Нелдібаев қатысушыларға ізгі тілегін жолдады.

Қазылар алқасының шешімімен келесі жүлдегерлер анықталды:

  • Бас жүлде — Дауренбек Аркенов (Қарағанды қаласы).

«Балалар әні» номинациясы бойынша:

  • I орын Амиров Есжан (Қарағанды.қ);
  • II орын Жанат Кашкынбеков (Қарағанды.қ);
  • III орын Маткулбек Маясаров (Қарағанды.қ);
  • Дипломант — Алимжан Макенов (Қарқаралы ауданы);
  • Дипломант — Наталья Мильбрант (Балқаш.қ).

«Еркін тақырыптағы ән» номинациясы бойынша:

  • I орын Сапарғали Боранбаев (Қарағанды.қ);
  • II орын Жалын Сыздықов (Жаңаарқа ауданы);
  • III орын Наурызбай Бейсекеев (Ақтоғай ауданы);
  • Дипломант — Султан Молдабеков (Қарағанды.қ).

«Туған жер туралы ән» номинациясы бойынша:

  • I орын Амангелді Ахметжанов (Қарқаралы ауданы);
  • II орын Жанболат Тәжібеков (Шет ауданы);
  • III орын Қадыр Баймурзин (Балқаш.қ);
  • Дипломант — Татьяна Стрельчук (Саран.қ);
  • Дипломант – Диас Алпамышев және Ғалымжан Қалиақпаров (Шет ауданы).

 

Барлық жүлдегерлерге диломдар, ақшалай сертификаттар және гүл шоқтары табысталды.

Последние мероприятия

Меню