«Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені жайлы ақпарат

2022 жылдың 6 — 10 маусым аралығында Қарағанды облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ақпараттық «Зерде» жылжымалы мәдени-сауық кешені Нұра ауданына қарасты Қарой, Мұзбел, Шахтер, Байтуған, Заречное, К.Мыңбаев, Кертінді ауылдарына және Нұра кентіне іс сапармен барып келді.

«Зерде» кешені — халыққа ҚР президентінің жолдауын насихаттап, «Балалар жылы», «Референдум», «Жаңа Қазақстан» тақырыбы бойынша дәрістер оқып, концерттік бағдарлама ұсынды.

Концерттік бағдарламада: орталықтың мамандары — Әсем Жармағанбетова, Еркебұлан Елтай; Аяжан Сармутдинова,«Диар» тобы, «Әсем-ай» би ансамблі өнер көрсетті.

Ауыл тұрғындары өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдіріп шығарып салды.

Последние мероприятия

Меню