Қыркүйек айының 20-шы жұлдызында Достық үйінде «Жастар аудиториясымен жұмыс істеудің заманауи үрдістері» атты облыстық семинар өтті.
Семинарға Қарағанды облысының мәдени-сауық ұйымдарының әдіскерлері, жастармен жұмыс жөніндегі мамандар, әлеуметтік желілермен жұмыс жөніндегі мамандар қатысты.
Мақсаты: бос уақыт тәжірибесімен таныстыру және енгізу, мәдени-сауық ұйымдарында жастармен жұмыстың инновациялық түрлерін анықтау, тәжірибе алмасу.
Семинар бағдарламасында: Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттма басқармасының басшысы Еркебұлан Қайроллаұлы Жұмакеновтың сөз сөйлеп, ауылдық мәдениет мекемелерінің жұмысына үлес қосқан мәдениет саласындағы қызметкерлерді марапаттады.
Өнертану кандидаты, Қазақстанның театр сыншылары бірлестігінің Вице-президенті, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Амангелді Оразбайұлы Мұқан «Жастар мәдениетінің даму тенденциялары» тақырыбы бойынша дәріс оқыды.
СММ тәлімгері- әлеуметтік желілерде дамыту және табыс табу бойынша маман Амилия Иршатовна Позднякова «Әлеуметтік желі мәдениет мекемесі маркетингін дамытудын тиімді құралы» тақырыбы бойынша мастер класс өткізді.
Жүргізуші, Қарағанды қаласының stand up мектебінің негізін қалаушы Рустам Валиевич Абильдин интерактивті ойындар ұйымдастырды
Семинардың барлық қатысушыларына семинардан өткені үшін сертификаттар берілді.