Жаңаарқа ауданының мәдени-сауық орталығы

Мәдени-сауық орталығының жетекшісі – Исина Айгүл Умбетжанқызы

 

 

 

 

Жаңаарқа ауданы әкімдігі Жаңаарқа ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Жаңаарқа мәдени-сауық орталығы» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңдарын, Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қаулыларын, өкілетті органның бұйрықтарын, Жарғы мен басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. Мекеме ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 22 тамыз 2007 жылғы  №224 типтік  штатымен бекітілген штат құрылымы бойынша жұмыс атқарады. 100% мемлекеттік қаржыдан қаржыландырылады. Жалпы алаңы 1336,1кв.м.

 Кәсіпорынның мақсаты:

 -Жаңаарқа ауданының тұрғындарына жалпыға бірдей халықтың мәдени-демалысын қамтамасыз ету, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын насихаттау.

Жоғарыда көрсетілген мақсатқа жету үшін кәсіпорынның қызметі төмендегідей:

  • мәдени-сауық жұмысын ұйымдастыру;
  • клубтық құрылымдарды ұлғайту;
  • көркемөнерпаздар шығармашылығын насихаттау;
  • ақылы спектакльдер, халықтық ұжымдармен көркемөнерпаздар үйірмесінің концертін ұйымдастыру, демалыс кештері, сұрақ-жауап кештері, фестивальдер, байқаулар, конкурстар өткізу;
  • структуралық бөлімшелерге әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету болып табылады.

Ауданымыз бойынша 1 Мәдени-сауық орталығы, 14 клуб, 1 «Зерде» бейнемобилі, барлығы 16 мәдениет ошақтары халыққа қызмет көрсетуде.

Мәдени-сауық орталығында  2  ҚР «Мәдениет қайраткері, 3 халықтық атағы бар ұжым: атап айтсақ С. Ысқақов атындағы халық театры, «Назқоңыр» халықтық ансамблі, «Балдаурен» үлгілі бишілер тобы, сондай-ақ облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары жұмыс атқарады.  Бүгінгі  таңда  мәдениет ошақтарында  65 үйірме жұмыс істейді, оған 1059 өнерпаздар қатысады. Мәдени-сауық орталығында 15 үйірме оған 464 өнерпаз қатысады.

Жаңаарқа ауданында дәстүрлі түрде 18 фестивальдер мен конкурстар өткізіледі:

  • «Ханзадалар мен ханшайымдар әлемі» атты балалар байқауы. Мақсаты: Балалардың таланттарын  бағалау, өнерлерін халыққа насихаттау. Бұл байқауда балалар өз өнерлерін көпшілік қауымға ұсынады. Яғни, теріден басқа авангард үлгісінде киім киіп көрсетеді.
  • «Арқа аруы» облыстық сұлулық байқауы. Қазағымыздың салт-дәстүрін бойына сіңірген ибалы, инабатты аруларымыз  түрлі шарттарды (таныстыру, өз өнерлерін көрсету т.б.) бір-бірлерінен қалыспай орындап, әртүрлі марапаттарға ие болды. Байқауға әртүрлі қала мен аудандардан 18 ару қатысып, 4 кезең бойынша бақ сынасты.
  • Мәдени- сауық орталығында Қоғам қайраткері, дауылпаз ақын, жыр сұңқары, қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының жанашыры, көрнекті мемлекет қайраткері композитор Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллиннің 125 жылдығына, Жаңаарқа ауданының 90 жылдығына арналған облыстық «Сәкен Серілері» дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты: Қазақтың дәстүрлі әндерін халыққа насихаттау.
  • «Жыр сұңқары» атты жас ақындардың мүшайрасы. Мақсаты: Жас ақындардың туындыларын халыққа ұсыну арқылы өнерлерін дамытуға үлес қосу. Ақындар өз шығармашылығын халыққа ұсынады. Байқаудың қорытындысы Жаңаарқа ауданының–90 жылдық мерейтойында жарияланып өткізілді.
  • «Сәкен туған -Жаңаарқа» атты аудан бойынша 41 мекеме ұжымдары қатысқан шығармашылық байқау. Байқаудың мақсаты:  С. Сейфуллиннің шығармаларын  халық арасында жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру. Туған өлкенің  мерей тойына әсерлі  өнермен өрнектей түсу.
  • Қорабай Есенов атындағы «Шырқа  гитара» байқауы. Бұл байқау қоғамда өзіндік өнерімен көрініп, халық арасында кеңінен танылып жүрген талантты гитарашылардың өнеріне қолдау білдіру мақсатында кеңінен өтті. Өзіндік өнерлерін қалыптастырған жас таланттар халыққа өнерлерін ұсынды.
  • Мәдени – сауық орталығында Сайдалы Сары Тоқаның – 190 жылдығына және  Ерназарұлы Дайрабайдың – 160 жылдығына арналған аудандық «Үкілі домбыра» халық әндері мен термешілер байқауы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушысы: Балалар мен жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Айтжанова Айман. Мақсаты: Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жаңғырту. Халық әндерін насихаттау. Оқушылардың арасынан таланттарды анықтау, орындаушылық шеберлігін жоғарғы деңгейде көтеру.
  • «Жәдігер» күйшілер байқауы. Мақсаты: Өнерпаздардың бойындағы өнерін дамыту. Қазақ халқының күйлерін халыққа насихаттау, жас талант иелерін анықтау, орындаушылық шеберлігін жоғарғы денгейге көтеру.
  • Өлеңдерімен халқының қадір-қасиетін айта алған мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев есімі мәңгілік ғұмырға айналған. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай жыр байқауы елімізде жыл сайын өтеді. Осы игі бастаманы жалғастырып, ауданымызда балалар мен жасөспірімдер арасында «Жырлайды жүрек» атты ақынның өлеңдеріне жазылған әндерден және өлеңдерін оқудан мүшайра өтті. Мақсаты: Жас ақын балалардың шығармашылығын дамыту, өлең оқудағы шеберлігін шыңдау. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай аудандық «Балдәурен» атты балалар байқауы. Мақсаты: Өнерпаздардың орындау шеберлігін дәріптей отырып, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру, мәдениетін дамыту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және жаңа есімдерді анықтау, дарынды өнерпаздарға қолдау көрсету кең түрде насихаттау.
  • Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай аудандық «Балдәурен» атты балалар байқауы. Мақсаты: Өнерпаздардың орындау шеберлігін дәріптей отырып, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру, мәдениетін дамыту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және жаңа есімдерді анықтау, дарынды өнерпаздарға қолдау көрсету кең түрде насихаттау.
  • «Жас қанат» атты аудандық байқауы. Ұлы Отан Соғысының 75 жылдығына және Қазақ халқының Ассамблеясының 25 жылдығына арналған жас орындаушылар мен шоу – бағдарламаларды жүргізушілердің «Жас қанат » атты аудандық байқауы болды. Мақсаты:Байқау эстрадалық жанрды дамыту, заманауи өңдеуде эстрадалық және халықтық әндердің жас талантты орындаушыларын, көркемөнерпаздар композиторларын, аранжировщиктерді, жетекші ойын-сауық шоу-бағдарламаларын іздеу, оларды танымал ету және насихаттау мақсатында өткізіледі.
  • Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай аудандық «Жас талант» байқауы. Байқауда жас таланттардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және жаңа есімдерді анықтау, дарынды өнерпаздарға қолдау көрсету, кең түрде насихаттау.
  • Өнерпаздардың орындау шеберлігін дәріптей отырып, өскелең ұрпаққа рухани және патриоттық тәрбие беру, мәдениетін дамыту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және жаңа есімдерді кең түрде насихаттау мақсатында ауданымызда «Ботақан» атты балалардың өнер байқауы жоғары деңгейде өтті.
  • «Арқа Аламаны» сайысы. Бұл байқауда өзге кәсіп иелерінің арасында өнерді  өзіне серік еткен өнерлі жандарды халыққа таныстыру. Әр түрлі байқау шарттарын орындаған жеңімпаз жеңіске жетеді.
  • Аудандық «Самға, жас толқын!» атты байқауы. Бұл байқаудың мақсаты: жас таланттардың мәдениетін дамыту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру және жаңа есімдерді кең түрде насихаттау.
  • «Бабадан қалған –ақ бата» атты сайысы. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Осы ақ көңілден шыққан ақ батаны жасөспірімдер бойына дарыту. Өскелең ұрпақты ұлттық мәдениетімізді  ата – баба салт- дәстүрін сақтап қорғауға, әрі қарай жалғастырып тәрбиелеу  мақсатында өтеді.
  • Мәдени-сауық орталығының ұйымдастырумен жас келіндер арасында онлайн «Келіндер бәйгесі» өз деңгейінде өткізілді. Жауапты Кусбекова А.К. Қазағымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, шаңырақтың берекесін кіргізіп отырған ибалы, инабатты келіндеріміз  түрлі шарттарды (тамақ пісіру, тәтті торт үлгісін жасау т.б.) бір-бірлерінен қалыспай орындап, әртүрлі марапаттарға ие болды.

Iс-шаралар

Меню