2025 жылдың 8 қазан күні Қарағанды қаласындағы К. Станиславский атындағы орыс драма театрында мүмкіндігі шектеулі жандарға және Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған «Жан шуағы» ХХVIII облыстық фестивалі өтті.
Шараға қолдау көрсеткен — Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Фестиваль ұйымдастырушылары — Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.
«Жан шуағы» фестивалі – ерекше күтімді қажет ететін жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, жаңа таланттарды ашуға, қоғам назарын олардың өнеріне аударуға бағытталған маңызды мәдени шара. Сонымен қатар, фестиваль қатысушыларының әлеуметтік бейімделуі мен мәдени интеграциясын нығайтуға зор үлес қосады.
Фестивальге есту және көру қабілеттері шектеулі азаматтарға арналған мамандандырылған мәдени-демалыс ұйымдарының, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ ерекше жандардың қоғамдық бірлестіктері мен ерікті қоғамдарының көркемөнерпаздар ұжымдары қатысты.
Фестиваль бағдарламасында:
- Сағ. 11.00-де «Шексіз мүмкіндіктер әлемі» көрмесі,оған суретшілер, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысады.
- Сағ. 12.00-де «Біз біргеміз және бұл біздің күшіміз!» Гала-концерті– әр ұйым 3-4 үздік әр түрлі жанрдағы концерттік номер ұсына алады.
- «Бір шаңырақ астында»ән байқауы – Қазақстан аумағында тұратын этностардың түрлі тілдерінде ән айту.
Фестивальге Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай, Ақтоғай, Бұқаржырау, Қарқаралы аудандарынан 210 қатысушылар қатысты.
Барлық қатысушылар және ұжымдар қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.




































