Жаңа жыл мерекесіне арналған концерттік бағдарлама

2025 жылғы 23 қазанда Қарағанды қаласындағы №3 Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Жаңа жыл мерекесіне арналған концерттік бағдарлама өтті.

Іс-шараның мақсаты – қызмет алушыларға мерекелік көңіл күй сыйлау және жылы, жайлы атмосфера қалыптастыру болды. Концертті Аяз ата мен Ақшақар  жүргізді. Бағдарламада «Қазына» ансамблінің би қойылымдары, Бекарыс Жұмабекұлы мен Айгүл Жаманованың музыкалық нөмірлері ұсынылды.

Концерт жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Iс-шаралар

Меню