Қыркүйек айының 7-ші жұлдызында Астанада «Қазанат» ипподромының жанында орналасқан «Көшпенділер әлемі» этникалық ауылының ашылуы өтті.

Салтанатты рәсімнің бағдарламасына қазақтың ақсүйек өнері айтыс та кіргізіліп әр облыстан екі ақын қатысты. Қарағанды облысының атынан 2023 жылы Арқаға алтын домбыра сыйлаған қыз бен жігіт айтысының хас шебері Мақсат Аханов пен жақында өткен “Армысың Әз Наурыз!” айтысының жеңімпазы, облысымыздың намысын түрлі өңірлерде қорғап жүрген жас ақын Еркеғали Бекболат аттанды. Бірінші жұп болып Еркеғали мен Жетісулық Жанатбек Айдарәлі шықты. Екі жігіттің жыр жарысы шетелден келген қонақтарға төл өнеріміздің ерекшелігі мен тереңдігін көрсетті. Ал Мақсат Аханов Ақтөбелік Марат Ахметовпен үшінші жұп болып халыққа тамаша әзіл-қалжыңға толы айтыс жасады. Айтыс аяқталып, әлемдік ойынның ашылу салтанаты өнерпаздар жинақталған керемет кешпен жалғасты.

Iс-шаралар

Меню