2015 жылдың 6 мамыр күні Қарағанды қаласында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған XXV облыстық «Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының фестивалі өтті.
Іс-шараның бағдарламасы бойынша «Мәңгілік алау» Даңқ Мемориалында митинг және гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Фестивальге қатысушылар мерекелік шерумен Кеншілер мәдениет сарайының сахнасында өтетін XXV облыстық хор ұжымдарының фестиваліне аттанды.
«Ардагерлер ән салады» фестиваліне Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандары мен Қарағанды, Балқаш Жезқазған, Сәтпаев, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан 21 хор ұжымы қатысты.
Мереке «Ариста» мейрамхана кешенінде фестивальдің барлық қатысушыларына арналған мерекелік ас және концерттік бағдарламамен аяқталды.