«Ардагерлер ән салады» атты соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының облыстық фестивалі

2014 жылы 7 мамыр күні Қарқаралы қаласында Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күніне арналған Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Ардагерлер ән салады» атты соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының облыстық фестивалі ұйымдастырылды.

Фестиваль бағдарламасына сәйкес Шеру, «Даңқ» мемориалына гүл-дестесін қою рәсімі орындалып, сонан соң Қарқаралы қаласының мәдениет Үйінде Қарағанды облысының соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының концерттік өткізілді.

XХIV облыстық фестивальге Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарынан және Қарағанды, Балқаш, Жезказған, Сәтпаев, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан 22 хор ұжымы қатысты. Фестивальде 55 пен 96 жас аралығында 500-ден аса қатысушылар өнер көрсетті. Соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – Сорокина Нина Николаевна (Жаңа Майқұдық «Надежда» ардагерлер хоры) бар.

Iс-шаралар

Меню