Мүмкіндігі шектеулі адамдарды бейімдеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа таланттарды ашу, жұртшылықтың назарын аудару және мүгедектердің көркемөнер өнерін насихаттау мақсатында, тамыз айының 30-шы жұлдызында, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған мүмкіндігі шектеулі жандардың «Жан шуағы» онлайн фестивалі өтті.
Онлайн фестивальге Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған мәдени-демалыс кәсіпорындарының, психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелердің, мүгедектердің ерікті қоғамдарының қоғамдық бірлестіктерінің көркемөнерпаздар ұжымдары және жеке орындаушылар қатысты.
«Менің Қазақстаным» концерті – әр ұйымнан ең үздік бір концерттік нөмір, сондай-ақ «Менің хоббиімнің әлемі» атты сәндік-қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды.
Концерт:
- @onmcdintинстаграмында;
- @onmcdintфейсбук парақшасында;
- Центр народного творчества г.Карагандаyoutube арнасында;
- ru.onmcdint.kz сайтында көрсетілді.