XVII облыстық «Жан шуағы» фестивалі

2015 жылдың маусым айының 27 күні Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында XVIІ облыстық «Жан шуағы» фестивалі өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырған Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, сонымен қатар облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы іс-шараны Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнады. Фестивальде облысымыздағы қалалар мен аудандардан 400-ден аса қатысушы өз өнерлерін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолдарымен жасаған туындылары сурет және декоративті қолданбалы өнер көрмесіне қойылды. Ұйымдардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көркемөнерпаздар ұжымы өздерінің вокалдық және хореографиялық шығармашылықтарын көрсетті. Фестиваль аясында 6 жанұя қатысқан «Берік отбасы – берік мемлекет» атты отбасылық конкурсы, сонымен қатар іс-шара жоспары бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Подвиг народа, воспетый в веках» атты авторлық өлеңдер конкурсы өткізілді.

 

«Авторлық өлеңдер» номинациясы бойынша келесі қатысушылар іріктеліп алынды:

  • 1 орын – Овчарова Вера Павловна – зағип және нашар көретіндер МҮ, Қарағанды қ.;
  • 2 орын – Федотова Екатерина Валерьевна – зағип және нашар көретіндер МҮ, Қарағанды қ.;
  • 2 орын — Зейферт Светлана Борисовна – «Мүгедектердің «Игілік» , ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Қарағанды қ.;
  • 3 орын – Груминская Тамара Васильевна «Зағиптардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Теміртау қ.;
  • 3 орын – Иващенко Павел – № 1Психоневрологиялық медициналы –әлеуметтік мекемесі, Қарағанды қ.;
  • 3 орын – Титова Виктория – Мүгедектердің «Жәрдем» ерікті қоғамы, Абай ауданы.

 

Жеңімпаздар естелік дипломдармен және ыдыс-аяқ жиынтықтарымен марапатталды. Өзге қатысушыларға естелік дипломдар, гүлдер және ақшалай сыйлықтар берілді.

Iс-шаралар

Меню