XVI облыстық «Жан шуағы» фестивалі

2014 жылдың маусым айының 28 күні Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында XVI облыстық «Жан шуағы» фестивалі өтті. Аталмыш шараны ұйымдастырған Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, сонымен қатар облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы іс-шараны Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойына арнады.

Фестивальде облысымыздағы қалалар мен аудандардан 200-ден аса қатысушы өз өнерлерін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолдарымен жасаған туындылары сурет және декоративті қолданбалы өнер көрмесіне қойылды. Ұйымдардың және мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көркемөнерпаздар ұжымы өздерінің вокалдық және хореографиялық шығармашылықтарын көрсетті. Фестивальде «Мисс и Мистер фестиваль» конкурстары, сонымен қатар іс-шара жспары бойынша «Бәрлық әндер және өлеңдер саған, Қарағандым!» атты авторлық өлеңдер мен әндер конкурсы өткізілді.

«Авторлық өлеңдер» номинациясы бойынша келесі қатысушылар іріктеліп алынды:
— 1 орын – «Мерейтойыңмен, кеншілер қаласы!» Зейферт Светлана
Қарағанды қ.;
— 2 орын – «Қарағанды кеншілер қаласы» Еркабұлов Аманжол
Қарқаралы ауданы;
— 2 орын — «Сүйікті қалам» Дамира Искакова Саран қ.;
— 3 орын – «Караганда, всего лишь 9 букв…» Снарскене Кристина
Абай қ.;
— 3 орын – «Край мой, родной Казахстан» Зимонов Владимир
Теміртау қ.;
— 3 орын — «Караганда» Ахметов Руслан Қарағанды қ.

«Авторлық әндер» номинациясы бойынша:
— 1 орын – «Славься, моя Караганда» сөзі мен әні Сергей
Бударагиндікі Саран қ.;
— 2 орын — «Мой милый город, Караганда!» сөзі мен әні Ғалима
Хасенованікі Облыстық зағиптар мәдениет Үйі;
— 3 орын — «Юбилейная Караганда» Сөзі Екатерина Федотованікі, әні Валерий Назаровтікі Облыстық зағиптар мәдениет Үйі.

Жеңімпаздар естелік дипломдармен, тұрмыстық техникалармен, гүлдермен және ыдыс-аяқ жиынтықтарымен марапатталды. Өзге қатысушыларға естелік дипломдар, гүлдер және ақшалай сыйлықтар берілді.

Iс-шаралар

Меню