XV облыстық «Жан шуағы» фестивалі өтті

2013 жылдың 29 маусым күні Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябағында Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналған мүмкіндіктері шектеулі, алайда, шығармашылық қабілеттері шектеусіз жандардың XVоблыстық «Жан шуағы» фестивалі өтті. Фестиваль құрылтайшысы Қарағанды облысының мәдениет басқармасы болды.

Фестивальдің ашылу салтанатын Қарағанды облысының мәдениет басқармасы бастығының міндетін атқарушы Оспанова Сәуле Оразбекқызы жүргізіп, өз сөзінде тән мүмкіндіктері шектеулі, бірақта, шығармашылық мүмкіндіктері шектеусіз жандарға жемісті өнер крсетуді, жаңа авторлық өлеңдер мен әндерді, сурет туындыларын дүниеге әкеле беруді тіледі.

Фестиваль «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» Гала-концертіне жалғасты. «Барлық әндерім мен өлеңдерім, саған менің, Астанам» атты бірінші бөлім – Астана қаласының 15 жылдық мерейтойына арналды.

«Алтын әже, алтын әке» конкурсына 6 отбасылық жұп қатысты.

Жүргізушілер сахнаға алтын аталар мен алтын әжелерді шақырды:

  • Ең музыкалық отбасы Шахтинск қаласынан келген – Штоль Анатолий Карлович және Михеева Наталья Петровна;
  • Ең театрлы отбасы Қарағанды қаласының қатысушалыры – Гайдин Иван Петрович және Гайдина Тамара Леонидовна.
  • Ең спорттық отбасы Қарағанды қаласының қатысушалыры – Наконечно Галина Яковлевнажәне Сиротин Павел Васильевич.
  • Коллекционерлер отбасы – Золкин Петр Иванович және Куркутова Галина Юрьевна.
  • Фестивальдің тұңғыш қатысушылары – Корякин Петр Васильевич және Корякина Раиса Александровна.
  • Және фестивальдің тағы бір тұңғыш қатысушылары – Луконин Виктор Петрович және Луконин Тамара Борисовна.

Шығармашылық конкурста әр отбасыға өздерінің қабілеттері мен мүмкіншіліктерін байқатуға мүмкіндік берілді. Гайдиндер отбасы көрермендерге «Курочка ряба» қойылымын тарту етсе, «Матаня» әнімен А.К.Штоль және Н.П.Михеева дуэты көпшіліктің көңілінен шыға біліп, одан әрі тоқылған бұйымдармен, суреттермен және төс белгілер коллекциясымен Лукониндер, Корякиндер, Золокиндер отбасы суырылап алға шықты.

Сағ 11.00 XVоблыстық «Жан шуағы» фестивалінің ашылуы. 
Сағ. 11.15  Арнайы мамандандырылған кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктердің және мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының және жеке орындаушылардың қатысуымен «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты Гала-концерт.Отбасылық жұптардың шығармашылық конкурсы.Авторлық өлеңдер мен әндер шығармашылық конкурсының қорытындысын шығару. 

 

Сағ. 10.30 «Менің қызығушылық әлемім» атты суретшілер мен декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің, коллекционерлердің, фото-суретшілердің көрмесі.Орталық эстрада алаңы.

Фестивальға Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск, Саран, Абай қалаларынан және Ақтоғай ауданынан 300-ден аса адам қатысты.

Фестиваль аясында келесі шаралар өткізілді:

  • Көркемөнерпаз суретшілер мен декоративті қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі 100-ден аса қатысушыны қамтыды;
  • 22 арнайы мамандандырылған қоғамдық бірлестіктердің, интернат-үйлерінің және мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының және жеке орындаушыларының қатысуымен өткен Гала-концерт;
  • «Жан шуағы» фестивалінің ән-ұраны авторлық өлеңдер мен әндер конкурсының қорытындысын шығару;
  • XIV облыстық «Жан шуағы» фестивалін қорытындылау (300-ден аса қатысушы).

«Жан шуағы» фестивалі облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының мамандарымен алғашқы рет 1992 жылы ұйымдастырылып, жыл өткен сайын қастысушылардың келу аймақтары кеңейтіліп келеді.

Фестиваль дәстүрлі түрде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа үлгідегі мәдени-сауық қызметін жандандыру бағытында ізденістер ұйымдастыру, дарындарды іздестіру арқылы мәдени әлеуметтік қызмет көрсету, олардың қоғамға бейімделуіне көмек көрсету мақсатында өткізіледі.

Фестиваль аясында Қарағанды облысының қалаларында 2013 жылдың 10-20 маусым күндері аралығында фестивальға үздік номерлерді іріктеу мақсатында «Жан шуағы» атты мерекелік концерттер өткізілді, сонымен қатар арнайы мамандандырылған мекемелерде, ұйымдарда, мектеп-интернаттарында, мүмкіндігі шектеулі балалар үйінде қайырымдылық концерттер ұйымдастырылды.

Фесвальге қатысқандар:

  1. Облыстық саңыраулар мәдениет Үйі
  2. Облыстық көзі көрмейтіндер мәдениет Үйі
  3. Балқаш қаласының саңыраулар мәдениет Үйі
  4. Жезқазған қаласының «Лира» арнайы мамандандырылған саңыраулар мәдениет Үйі
  5. Теміртау қаласының саңыраулар мәдениет Үйі
  6. Қарағанды қаласының №1 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі
  7. Қарағанды қаласының №2 психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі
  8. Қарқаралы қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі
  9. Саран қаласының психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі
  10. Шахтинск қаласының кеншілер мәдениет сарайы
  11. Қарағанды қаласының «Игілік» Зағип жандардың ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  12. Қарағанды қаласының «Арман» Зағип жандардың ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  13. Қарағанды қаласының «Үміт» Зағип жандардың ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  14. «Қарағанды облысының зағип-спортшылары ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  15. Қарағанды қаласының «Қамқор» Зағип жандардың ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі
  16. Саран қаласының тұңғыш қоғамдық бірлестік ұжымы «Қазақ көзі көрмейтіндер қоғамы»
  17. Шахтинск қаласының тұңғыш қоғамдық бірлестік ұжымы «Қазақ көзі көрмейтіндер қоғамы»
  18. Балқаш қаласының тұңғыш қоғамдық бірлестік ұжымы «Қазақ көзі көрмейтіндер қоғамы»
  19. Теміртау қаласының тұңғыш қоғамдық бірлестік ұжымы «Қазақ көзі көрмейтіндер қоғамы»
  20. Теміртау қаласының көру қабілеті бойынша зағип жандардың «Барс» қоғамдық бірлестігі
  21. Ақтоғай ауданының аудандық мәдениет Үйі
  22. Қарағанды қаласының «Инвалид корпорэйше» «Жан дос» атты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Iс-шаралар

Меню