2018 жылы 7 мамыр күні Қарағанды қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында Астананың 20 жылдығына және Отан қорғаушылар Күніне арналған үрмелі және джаз әуендерінің ХII облыстық фестивалі өтті.
Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы.
Фестивальге 9 үрлемелі аспаптар оркестрлері қатысты: гуманитарлық колледжінің қыздар (Жет. М.Алдангарова), Саран қаласы (Жетекшісі И.Борзых), Шахан кенті (Жет.А.Гренадер), Нұра ауданы (Жет.А Махаметчин) Қарағанды қаласының Теміржолшылар мәдениет сарайы (Жет.Т.Егорова), халықтық оркестрлері, сонымен қатар 6505 (Жет.С.Кудабаев) әскери бөлімі, Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің джаз оркестрі (Жет.И.В.Андрейченко). Тұңғыш рет фестивальге Сәтпаев және Балқаш қалаларының үрмелі оркестрлері қатысты.
Оркестрлер қазақ, совет, және шетел композиторларының шығармаларын орындап, барша қарағандылықтарды мен қала қонақтарын тамсандандырды. Соңында барлық қатысушылар арнайы дипломдар мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.