Румын фольклорының XI фестивалі. Н. В. Плушкис «Марцишор-2025»

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30-жылдығына және «Дакия» румын мәдени қоғамы» ҚБ 20-жылдығына арналған «Дакия» Румын мәдени қоғамы» Қоғамдық бірлестігі 2025 жылдың 28 ақпаны және 1 наурызында Н.В. Плушкис атындағы «Мэрцишор-2025» румын фольклорының XI фестивалін өткізілді. Фестиваль Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы және Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің қолдауымен өткізілді.

Фестивальдің мақсаты мәдениетаралық байланыстарды нығайту, румын фольклоры мен дәстүрлерін дәріптеу, сондай-ақ елдің мәдени алуан түрлілігі аясында Қазақстан этностары арасындағы өзара түсіністік пен толеранттылық идеяларын ілгерілету болып табылады.

Фестивальдің басты қонағы Молдова Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, танымал Молдова әншісі Ленуца Георгицэ болды. Фестивальдің Гала-концертінде «Доруле» этнофольклорлық ансамблінің солистері, «Волшебная страна» және «Қуаныш» үлгілі хореографиялық ансамбльдері, «Казачья вольница» және «Русалица» халық ансамбльдері, «YAHOLOM» би ұжымы, сондай-ақ Қарағанды облысының қалалары мен аудандарынан фестиваль лауреаттары өнер көрсетті.

Iс-шаралар

Меню