Қарағанды облысы әкімінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесуі

6 мамыр күні облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков «Arista» мейрамханасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті. Мерекелік іс-шара Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналып өткізілді.Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарынан шақырылған 45 ардагер қатысты.

Аймақ басшысы ардагерлерге тілегін арнап, жерлестеріміздің майдан даласы мен және тылдағы көзсіз ерліктері жүрегімізде мәңгі сақталтынын айтты. Сөз соңында облыс әкімі ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыстады.

Салтанатты жиынға қатысқан ардагерлер үшін аймағымыздың кәсіби және көркемөнерпаздар, Қарағанды қаласы мектептерінің оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Астана» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал С.Камалетдинов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы А.Кукатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Төреғожин ардагерлерге өз құттықтауларын арнады.

Iс-шаралар

Меню