VІІІ облыстық «Жастар әлемі» онлайн фестивалі туралы

Мәдени жастар бағыттарын насихаттау, заманауи мәдени-сауықтарын ұйымдастыру, дарынды жастар арасынан жаңа талант көздерін ашу, олардың орындаушылық шеберліктерін арттыру мақсатында 22 тамыз күні облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының әлеуметтік желілерінде, Қазақстан Республикасы Конституция күніне арналған VІІІ облыстық «Жастар әлемі» онлайн фестивалі өтті.

Фестивальдің қолдаушысы Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Фестивальге келесі рок топтары қатысты: «Квинтовый круг» (Бұқаржырау ауданы), «Rising Sun» (Теміртау қ.), «Razdvoenie» (Қарағанды қ.), «Parovoz-SV» (Қарағанды қ.), ары қарай би топтары: «Глория» Үлгілі хореографиялық би тобы (Теміртау қ.), «Platinum» заманауи би студиясы «Молодежный» МҮ (Қарағанды қ.), «Нұр әсем» би тобы (Бұқар жырау ауданы), «Аэлита» би тобы (Жезқазған қ.), «REALIZE» аула заманауи би клубы (Саран қ.), Бекзат Каригул (Шахтинск қ.).

Фестиваль Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының (ютюб, инстаграм, сайт) әлеуметтік желілерінде жарияланды.

Фестиваль қатысушылары дипломдармен марапатталады.

Последние мероприятия KAZ

Меню