2014 жылдың маусым айының 1 күні сағ.12.00-де Цирк ғимаратында Халықаралық балаларды қорғау Күніне және Қарағанды қаласының 80 жылдығына арнап Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, сонымен қатар Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы 3-7 жастағы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, эстетикалық және көркемдік талғамын дамыту, баланы рухани-ұлттық тұрғыда тәрбиелеу, дарынды, талантты балаларды анықтау мақсатында VІІ облыстық «Еркетай” фестивалін өткізді.
Фестивальге Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарына және Теміртау, Балқаш, Саран, Сәтпаев, Шахтинск және Қарағанды қалаларынан 400 ден аса бүлдіршіндер қатысады. Фестивальге қатысқан барлық балаларға салтанатты түрде бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.