Алматы қаласында Республикалық «Күншуақ» конкурсы өтті

2018 жылдың 27-28 қазан күндері Алматы қаласында Республикалық «Күншуақ» конкурсы өтті.

Конкурсты «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қоры, Алматы қаласының оқушылар Сарайының қолдауымен жас балалардың шығармашылығын дамыту, көркемөнерпаздар ұжымдарының деңгейін салыстыру, балалар ұжымдарының арасындағы түйісулерді қалыптастыру, вокал және хореография, сән театрларының, аспапта ойнау, театр ұжымдары үйірмелері жетекшілерінің жұмысын қолдау.

Қарағанды облысының атынан облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығының Үлгілі «Қуаныш» хореографиялық ансамблі қатысты. Ансамбльдің жетекшісі Тойболдина Айман Нурланқызы:

Ансамбль үш номинация бойынша өз күштерін сынап, жүлделі орындарға ие болды:

  • Халық билері номинациясы бойынша – 7-10 жас аралығында «Қараторғай» стильге келтірілген халық биі – 1 орын.
  • Халық билерін жеке орындау номинациясы бойынша – 11-13 жас аралығында , «Саёмбо» биімен Кривенко Ника – Бас жүлде.
  • Эстрада билері номинациясы бойынша — 7-10 жас аралығында, «Мы из будущего» хореографиялық қойылыммен – Бас жүлде.

Ұжым облыстық іс-шараларда, Мемлекеттік мерекелерде және концерттерде белсене атсалысады. Түрлі Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары.

Айман Тойболдина қоғамдық қызметтерді жемісті атқарып, дарынды ұстаз және ұйымдастырушы, қазақи халықтық билерді қоса отырып, хореографиялық шығармаларды заманауй түрде қоюшы – режиссері, өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрбиелеуші.

Iс-шаралар

Меню