Ұлытау аудандық Мәдениет үйі

Ұлытау аудандық Мәдениет үйі жетекшісі – Көпеева Гүлжан Еркінқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұлытау ауданының орталық көшесінің басында орналасқан мәдениет үйінің ғимараты 1980 жылы құрылып 1981 жылы пайдалануға берілді. Екі қабатты ғимара бір спорт зал және бір көрермен залынан,11 жұмыс кабинетінен тұрады.

Аудандық мәдениет үйінің құрамына 1 кенттік мәдениет үйі, 1 кенттік клуб және 11 ауылдық клуб 1 «Зерде» бейнемобильді кешені кіреді.

Аудан бойынша 54 көркемөнерпаздар ұжымы бар. Қатысушылар саны 575 адам. Олардың үшеуі «халықтық» атақтарға ие. Олар: «Ұлытау сазы» фольклорлық ансамблі, мүшелері – 15 адам, «Кеңгір» халық театры, мүшелері-30 адам, «Жезді жұлдыздары» халық ән-би ансамблі-15 адам.

Фестивальдер мен конкурстар:

«Ән көктің сұңқарлары – Шәмші аға» атты аудандық ән байқауы. 5 жыл қатарынан өткізіледі. Еске сала кетейік, гран-при ауыл тұрғындары атынан тайдан тігілген 1 Байқоңыр.

 

 

 

 

 


«Көкмайса» этнофестивалі республикалық БАҚ – та кеңінен насихатталуда. Жыл сайын фестивальдің ауқымы мен түрлері өзгереді. Фестиваль аясында бард әншілері мен дәстүрлі орындаушылардың конкурстары және Ұлттық байқаулар өткізіледі: садақ ату, мешкейлер конкурсы, қымыз жарысы, күрес, Аударыспақ, асау оқыту, теңге алу конкурсы, қыз қуу конкурсы, көкпар, аламан бәйге конкурсы. «Көкмайса» этнофестиваліне соңғы жылдары республикалық және облыстық БАҚ-тың 20-дан астам өкілі қатысып, мақалалар жариялап, хабарламалар жазды. Этнофестивальға бару үшін АҚШ, Франция, Бахрейн Корольдігі, Польша, Украина, Қырғызстан және Ресейден туристер келді. Бұл Ұлытау тарихындағы алғашқы шетелдік туристер еді.

Iс-шаралар

Меню