2016 жылы 15 сәуір куні Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысының 80 жылдығына және Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне арналған «Махаббаттың бесігі — Қарағандым» атты Арқа өңірінің жас әуесқой-сазгерлерінің ән кеші өтті. Осы шараны Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды. Кеш иелері Арқа өңірінің жас әуесқой-сазгерлері: Амангелді Ахметжанов, Марғұлан Уәлиев, Нұрболат Клим және Қасиет Қамиевтар болды.
Олардың орындауында авторлық шығармалары мен танымал домбырашы Шет ауданының композиторы, беймезгілсіз дүниеден озған Ерғалы Омаровтың әндері естілді.
Сонымен қатар, кешке жас сазгерлерді қолдау мақсатымен өңіріміздің танымал әншілері, шығармашылық тұлғалары, солардың ішінде Берікбол Ахметов, Ербол Алшынбаев, Куаныш және Гульзар дуэті, Дәуренбек Ақылбек, 300 тобы, Уатхан Заханқызы, Арайлым Құдайбергенова, Медет Осатаев, Бақытжан Рахымжанов және т.б. келді.