Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиналыс пен мерекелік концерті

2015 жылдың 15 желтоқсанында С.Сейфуллина атындағы қазақ драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 24-жылдығына арналған салтанатты жиналыс пен мерекелік концерті өтті. Салтанатты жиналысты Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков ашып, барлық жиналған қауымды мерекемен құттықтап, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосқан азаматтарға мемлекеттік сыйлықтарды табыстады. Салтанатты жиын Қали байжанов атындағы конецерттік бірлестіктің кәсіби ұжымдарының, С.Сейфуллина атындағы қазақ драма театры актерларының, Академиялық музыкалық комедия театры әртістерінің, сонымен қатар Қарағанды, Теміртау, Шахтинс қалалары мен облыс аудандарының көркемөнерпаздар шығармашылығының ұжымдарының қатысуымен мерекелік концертпен жалғасты.

Аталмыш концертте биылғы жылдың айтулы мерейтойлары: Қазақ хандығының 550-жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-жылдығы көрінісін тапты. Мерекелік концерт көпшілігімен, жарқындығымен және тақырыптық ұстанымдылығымен ерекшеленді.

Iс-шаралар

Меню