«Қош келдің, нұрлы Наурыз!» атты театрландырылған көпшілік қойылым

2014 жылдың наурыз айының 21 жұлдызында Қарағанды қаласының мәдениет және демалыс саябағының көл шетіндегі алаңында «Қош келдің, нұрлы Наурыз!» атты театрландырылған көпшілік қойылым өткізілді.

Ұлыстың Ұлы Күніне орай ұйымдастырылған мереке С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры әртістерінің, Мемлекеттік «Наз» (Астана қ.) би театрының, «Нұрби», «Қуаныш», «Шаттық», «Волшебная страна», «Аяла» және «Аққу» хореографиялық ұжымдарының, гуманитарлық, тау-кен колледждерінің және Тәттімбет атындағы өнер колледжінің көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысумен өткен тартымды театрлық қойылыммен басталды. Қойылымда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бейнеленді. Қойылым барысында сәнгерлер көрермен назарына дизайнер, модельер Мүслім Жұмағалиевтің (Алматы қ.) эксклюзивті тарихи киімдер үлгілерін ұсынды.

Қарағанды облысы әкімі Б.Әбдішев қаламыздың тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ең ізгі тілектерін жолдады.

Сахнада өнер көрсеткен әртістердің қатарында Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншілері, облыстық «Жас қанат-2014» конкурсының жеңімпаздары, этно-мәдени бірлестіктердің ұжымдары, сонымен қатар қонақ ретінде келген «X-Factor» жобасының финалисті Дария Габдулл (Астана қ.), аңызға айналған «Ялла» (Өзбекстан) ансамбілі және «Хабар» телеарнасының жүргізушісі Қымбат Досжан (Алматы қ.) болды.

Iс-шаралар

Меню