2015 жылдың 22 наурызында Қарағанды қаласының Тәуелсіздік алаңында театрландырылған «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты қойылым өтті.
Мереке жарқын да тартымды, театрландырылған қойылым түрінде болды. Салтанатты іс-шараға С.Сейфуллин атындағы қазақ дарама театрының әртістері, Станиславский атындағы орыс драма театрының әртістері, АМКТ әртістері, ТЮЗдің әртістері,«Нұрби», «Қуаныш», «Шолпан», «Улыбка», «Трикси», «Джеронимо», «Волшебная страна», «Аяла» и «Аққу» хореографиялық ансамблдері, гуманитарлық көркемөнерпаздар ұжымы, политехникалық колледж
және Тәттімбет атындағы өнер колледжі, ҚЭУ мода этнотеатры және Т. Бегельдинов атындағы РВШ студенттері қатысты. Сонымен қатар осы шеруде атшылар, түйешілер, акробаттар мен жанглерлар атсалысты. Көрермендерге ару көктемді біздің ата бабаларымыз ерте кезде құшақ жая қарсы алғанын, оның шығу тарихынан шолу жасады. Қарағандылықтарды Наурыз мейрамымен Қыдыр-ата мен Ұмай-ана құттықтады.
Осынау салтанатты күнде қала тұрғындарын және қонақтарын Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтады.
Меркенің жалғасы жалпы қыдырулармен киіз үйлердегі дәмді дастарханмен концерттік бағдарламалар, түрлі ойындар, жарыстармен ұштасты.