СПАССК оқу-жаттығу орталығында «QAISAR» әскери-патриоттық ойындары өтті

2025 жылдың 2–3 мамыр күндері Спасск оқу-жаттығу орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен «QAISAR» әскери-патриоттық ойындары өтті. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

«QAISAR» әскери-патриоттық ойындары – жастарды Отансүйгіштікке, жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерге тәрбиелеуге, әскери дағдыларды меңгеруге және әскери қызметтен жалтару үрдісінің алдын алуға бағытталған маңызды бастама.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев құттықтау сөз сөйлеп, жастарға жігер мен рух сыйлады.

Салтанатты бөлімнен кейін Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік әртістерінің қатысуымен арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Кешті Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің кәсіби жүргізушілері – Әли Сейдіғали мен Гакку Медеубаева жүргізді.

Бұл әскери-патриоттық ойындар — ел жастарының бойында жауапкершілік пен батылдықты қалыптастыратын, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттілікті бағалауға үндейтін тағылымы мол іс-шара болды.

Iс-шаралар

Меню