Шет аудандық мәдени-сауық орталығының жетекшісі – Ахметжанова Асемгүл Самигуллиновна
Шет аудандық мәдени-сауық орталығының ғимараты 1974 жылы Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында құрылып, 1975 жылы халыққа пайдалануға берілген. Мәдени-сауық орталығының алғашқы директоры Төлеубай Әбдіғалиев болған.
Аудандық мәдени-сауық орталығының желісінде 24 мәдени-ошақтар бар, оның ішінде:
- «1» Мәдени-сауық орталығы – Ақсу-Аюлы ауылы (аудан орталығы);
- «5» Мәдениет үйі – Ағадыр кенті, Ақжал кенті, Ақшатау кенті, Мойынты кенті, С.Сейфуллин кенті;
- «18» Ауылдық клуб үйлері – Өспен ауылы, Бұрма ауылы, Көктіңкөлі ауылы,Талды ауылы , Қошқарбай (Нұраталды) ауылы, Нұра (Кеншоқы) ауылы, Жұмыскер(Тағылы) ауылы, Ақой ауылы, Босаға ауылы, Үңірек ауылы, Қызылқой ауылы, Қызылтау ауылы, Жарылғап ауылы, Ортау ауылы, Төменгі Қайракты ауылы , Киікті ауылы, Ақшоқы ауылы,Красная-Поляна ауылы.
Құрамалар саны:
Жалпы Шет ауданы бойынша 116 құрама, 1543 қатысушы бар, оның ішінде Ақсу-Аюлыда 25 құрама, 537 қатысушы бар.
Көркемөнерпаздар ұжымдары:
Жалпы Шет ауданы бойынша 115 ұжым, 1446 қатысушы бар, оның ішінде Ақсу-Аюлыда 22 ұжым, 528 қатысушы бар.
Дәстүрлі, жыл сайын өтетін конкурстар мен фестивальдер.
Жас орындаушылар мен шоу- бағдарлама жүргізушілердің «Жас Қанат» аудандық байқауы. Эстрадалық әндерді қазіргі өңдеуде орындайтын талантты орындаушыларды, әуесқой сазгерлер мен өңдеушілерді, сауық-сайран шоу-бағдарламаларын жүргізушілерді анықтау және оларды насихаттау мақсатында өткізіледі. Байқау ІІ кезең бойынша өткізіледі. І кезеңде патриоттық әндер ауыл, ел, жер тақырыбындағы әндер орындалса, ІІ кезеңде еркін тақырыптағы әндер шырқалды. Байқау қорытындысы бойынша «Көрермендер көзайымы», «Жас орындаушы» номинациясы, жүлделі орындар, дипломдар және алғыс хаттармен сонымен қатар бағалы силықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазы Қарағанды қаласында өтетін облыстық «Жас қанат» байқауына жолдама алады.
«Ауылдар аламаны» ауылдар арасындағы командалық өнер конкурсы. Бұл байқау жастардың еліне – жеріне деген азаматтық, патриоттық сезімін қалыптастыру, ауылдағы көркемөнерпаздар ұжымын дамыту, өнерпаз дарынды жастарды жарыққа шығару мақсатында өткізілуде. Байқауға ауданымызға қарасты 25 елді- мекендерден талантты да талапты жастары қатысып өз өнерлерін көрсетеді. Байқау 4 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең: «Туған жер – алтын бесік», ІІ кезең «Паһ, шіркін», ІІІ кезең: «Шебердің қолы ортақ», ІҮ кезең: «Өнер көзі халықта» деп аталады. Байқау жеңімпаздары қаржылай сыйақы мен дипломдармен марапатталады.
«Ана тілі аруы» аудандық конкурсы. Жастар арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту сондай – ақ тілдерді меңгерудің мәдениеті мен маңыздылығын арттыру, тілдік білімдерін жетілдіруге ынталандыру. Қазақстан халқының рухани және мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында өткізілетін аудандық конкурс. Байқау 5 кезеңнен тұрады. Сәлем сөздің анасы» , «Қазақтың салт-дәстүрлерін көкірегіңе мықтап түй», «Ана тілім- ардағым», «Тәрбие басы-тіл «, «Халық әні- қазынам» атты кезеңдерден тұрады. Байқауға ауыл- елді мекендердегі ана тілін жетік білетін , ақылына көркі сай арулар қатысып бақ сынайды.
«Би әлемі – мәңгі жастық әлемі» би фестивалі. Би фестивалі жыл сайын тұрақты өткізіліп тұрады. Би жанрын насихаттау, ауылдық жерлердегі талантты бишілерді, топтарды анықтау мақсатында өткізілетін би фестивалі екі кезеңнен тұрады. Қатысушы топтарға, жеке бишілерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылады.