2013 жылдың 7 желтоқсанында Қарқаралы қаласында белгілі сатирик-жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, классикалық «Кәрлен кесе» кітабының авторы Әбжан Омарбаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Мерейтой бағдарламасы бойынша сағат 10.30-да қасиетті Құнанбай мешітінде әруаққа құран бағышталды.
Сағат 11.30 – да басталған «Шанышпа тілдің шабандозы» атты мәдениет сарайында өткен салтанатты жиналысқа ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай бастаған зиялы қауым қатысты. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының директоры, ақиық ақын Серік Ақсұңқарұлы, Республикалық «Қасым» журналының бас редакторы, ақын-жазушы Серік Сағынтай алқалы жиынның шырайын кіргізді.
Сағат 12.00 — де кеш қонақтары арнайы даярланған мерекелік концертті тамашалады.
13.00-де «Асылан» мейрамханасында ас берілді. Ас үстінде жалпақ жұртқа жазушының ғұмырбаяны жинақталған кітапша, арнайы даярланған кеңсе құралдары салынған естелік -қоржын үлестірілді.