2025 жылғы 6 ақпанда сағат 10:00-де Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментімен бірлесіп «Еңбек қатынастары және Қазақстан Республикасының заңнамасы: оқыту және тәжірибе» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинарға аудандық мәдени-демалыс орталықтары мен қалалық мәдениет үйлерінің директорлары, сондай-ақ бухгалтерлер мен кадр инспекторлары шақырылды. (45 адам)
Семинардың негізгі тақырыптары:
- Бухгалтерлік есеп және аудит, Мемлекеттік сатып алу туралы өзгерістер мен толықтыруларымен танысу.
Спикер: Бұқар жырау ауданы мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің басшысы Нұрланова Жанар Сағатқызы - Еңбек заңнамасындағы өзекті өзгерістер
Спикер: Мемлекеттік еңбек инспекторы Қасымова Әсем Сайранқызы - Кадрлық құрамды талдау
Спикер: Мониторинг, талдау және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Байкенова Назгүл Сағитқызы - 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары
Спикер: ОМСжХШҒӘО басшысының м.а. Нұрманбаева Алтынай Қасымқанқызы
Қатысушылар семинар тақырыбының өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығын атап өтіп, өз жұмыстарына пайдалануға қажетті әдістемелік ұсынымдар алды.
Семинар барысында қатысушылардың белсенділігі жоғары болды (бұл спикерлерге қойылған сұрақтардың көптігінен, пікірталастарға белсенді қатысуларынан байқалды), бұл олардың жұмыстағы жоғары уәждемесін көрсетеді.
Аталған семинар-практикум мәдениет мекемелері басшыларының еңбек құқықтары мен міндеттері жөніндегі білім деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл еңбек жағдайларын жақсарту мен ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алуға жасалған маңызды қадам болып табылады.