Семинар «Нематериальное культурное наследие»

2024 жылдың 5 тамызында «Ортеке» республикалық этнофестивалін өткізу аясында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Материалдық емес мәдени мұра» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлы ашты. Семинар спикерлері ретінде ҚР Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рустам Рахимұлы Музафаров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Арт-менеджмент кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі ұлттық комиссиясының сарапшысы, Евфрат Бағдатұлы Имамбек сөз сөйледі.

Қазіргі уақытта мәдениет саласындағы басым міндеттердің бірі МЕММ объектілерімен жұмыс істеу болып табылады. Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі материалдық емес мәдени мұра элементтерін зерделеу және құжаттау, материалдық емес мәдени мұра элементтерін насихаттаудағы, сақтаудағы және құжаттаудағы клубтық ұйымдардың рөлі мәселелері талқыланды. Семинар барысында: МЕММ ұғымдары, МЕММ бойынша деректер жинақтаушы ретіндегі объектілер каталогы, объектілерді іріктеу критерийлері, МЕММ объектілерінің сипаттамалары, объектінің сауалнамасын жасау ерекшеліктері қаралды.

Спикерлер мазмұнды кездесу өткізіп, күйшілермен, өнертанушылармен, Қарағанды облысының мәдениет қызметкерлерімен тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарға 30 адам қатысты.

Iс-шаралар

Меню