2017 жылдың 14 қазанда Қарағандыда базар бағасынан арзан облыс және қалалық мекемелердің өнімдері ұсынылған дәстүрлі «Ауыл Береке 2017» ауылшаруашылығының күзгі көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Биылғы жылы жәрмеңке Олимпийская көшесінде «Шахтер» стадионы жанында өткізілді. Ауылдық аудандары қайырымдылық Қымыз және Бауырсақ фестивальдерін ұйымдастырды. Қарқаралы, Шет аудандарының Қымыз фестивалі мен Абай, Осакаров аудандарының Бауырсақ фестивальдері «Ауыл Береке 2017» жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы болды. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов бұл жәрмеңкеге келіп, тауарлардың сапасымен және бағасымен танысты. Жәрмеңке Қарағанды қаласының мәдениет сарайлары мен үйлерінің және аудандардың шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концертпен жалғасты.
Келесі «Ауыл Береке 2017» ауылшаруашылығының көрме-жәрмеңкесі 21 қазан және 11 қараша айларында өтеді.